Қауіпті үй шаруалары

Oinet.kz 09-11-2020 732

Бір қарағанда қарапайым, әрқайсымыз күнделікті үйде қайталайтын шаруалар мен әдеттер кейбір жағдайда денсаулыққа өте зиян болып шығуы мүмкін. Қандай үй жұмысы, құрылғылар мен әдеттерден абай болу керек?

Қауіпті үй шаруалары.png

Губка

Губка – әркімнің ас үйінен табылатын ең лас зат. Губкада үстел мен ыдыс, қазан мен табалардағы тағам қоқыстары, кірі мен майы жиналады. Ал тұрып қалған тағам қалдықтары: ет, көкөністер, ашыған тағамдардың құрамында ішек таяқшасы мен сальмонелла және одан да қауіпті вирустар болуы мүмкін. Көбіміз ыдыстарды жуып, үстел үсті мен раковинаның ішін бір губкамен сүртеміз. Бұл өте үлкен қателік. Бір губкамен ас үйіңізді барынша таза ұстауға тырысқан сайын, көзге көрінбейтін бактериялардың таралуына көмектесесіз.

Шешім

Бұл сұрақтың шешімі қиын емес. Пайдаланылған губканы ағарту ерітіндісіне (отбеливатель) немесе арнайы ас үйдегі беттерді сүртуге арналған сұйықтыққа салып қойыңыз. Олар – ең әсерлі әрі арзан бактерицидты құралдар. Артынан губканы сумен шайып, кептіріп қойыңыз. Губканы әркез қолданғаннан кейін оның соңына дейін кебуін қадағалаңыз, бұл зиян микроағзалардан арылуға көмектеседі.

Сондай-ақ апта сайын губканы су құйылған ыдысқа салып, микротолқынды пешке 1-2 минут қыздырыңыз. Пешті максималды қуатқа қойған дұрыс. Су қайнап, губка бір тазарып қалады.

Шаңсорғыш

Әр үйден табылатын қарапайым шаңсырғыш біздің кілемдерімізді тазалауы керек. Алайда шаңсорғыш көзге көрінбейтін майда шаң-тозаңды көтереді, артынан олар біз демалатын ауада ұшып, біз қолданатын заттардың бетіне отырады. Шаңсорғыш ондай кішкентай шаң бөліктерін сора алмайды, ал олар металдар мен пестецидтердің майда бөліктері болуы мүмкін. Болашақта олар аллергия қоздыра алады.

Шешім

Үйдегілеріңіз осындай аллергияға тап болса, арнайы HEPA-сүзгісі бар шаңсорғыш қолданғаныңыз дұрыс. Ол шаң-тозаңның өте майда бөліктерінен тазалай алады.

Жастық пен матрацтар

Орта есеппен санағанда әр адам сағат сайын 1,5 миллион жасушасынан арылады. Сіз тіпті ештеңе істемей отырғанның өзінде терлейсіз. Сол себепті біздің теріміз, жасушаларымыз жастықтар мен матрацтарда жиналады. Бұл төсек кенелерінің пайда болып, дамуына жол береді. Мамандардың есептеуі бойынша, 10 жыл қолданылғаннан кейін матрацтың салмағы 2 есеге артады екен. Бұның бәрі адамның шашы, жасушалары, қайызғағы, бактериялар, шаң-тозаң мен кір. Матрацты 5 жыл қолданғаннан кейін оның 10%-ы тек төсек кенелерінен тұрады. Осындай төсекте қалайша ұйықтаймыз?

Шешім

Матрац пен жастықтарға арналған арнайы, төсек кенелері өте алмайтын жапқыштар сатып алыңыз. Бұл жапқыш қаптарды апта сайын 80-90 градуста жуу керек.

Гриль

Грильде қуырылған ет сүйікті тағамдарыңыздың бірі ме? Алайда грильде қуыру барысында етте хош иісті көмірсутек пен гетероциклды аминдер сынды канцерогенді заттар пайда болады. Еттен бөлінген май грильмен жанасқанда қайнап, канцорогенді бу пайда болады. Ол қайта етке сіңіп, кейін денсаулыққа зиян болады.

Шешім

Грильде дайындалынған еттен бас тартқыңыз келмесе, оны алдын ала қаңылтырға орап, онда бірнеше тесік жасаңыз. Етті грильге осылайша салып қуырыңыз. Май тесіктер арқылы бөлінеді, бірақ оны отқа түсіп, қайта етке сіңуден сақтайды.

Ашық терезелер

Әрине бұндай ыстық кезде терезелерді жауып, ауасыз отыру мүмкін емес. Алайда дәл осы кезде біздің үйге терезелер арқылы көптеген аллергия қоздырғыштар кіре алады. Бактериялар, темекі түтіні, жануарлар жүні, кенелер, гүл тозаңы қазірде қала тұрғындарының көбісінде аллергияның себепкері.

Шешім

Аллергияңыз белгілер көрсете бастағанда терезелерді жиірек жауып жүруге тырысыңыз, мүлдем қиын жағдайларда үйіңізге кондиционер орнатыңыз. Заманауи кондиционерлердегі арнайы сүзгілер майда шаң-тозаң бөліктерін өткізбей, аллергиядан сақтайды.

Теледидар алды

Теледидар жаман әдеттердің ордасы сынды: оның алдында іссіз, оған қоса тіскебасар шайнап отыру дәстүр болды. Артық салмақ, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жолдарының аурулары дәл осы қарапайым әдеттен басталуы мүмкін. Қазірде біз мұны мүлдем елемей, оны үйреншікті әдет деп санаймыз. Алайда оның қауіптілігі кір губка мен шаңсорғыштардан әлдеқайда жоғары.

Адамды ақылды ететін 7 пайдалы хобби
Қысқатолқынды пешке салуға болмайтын 10 зат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу