Кірпікті жылдам өсірудің жолын білесіз бе?

Oinet.kz 10-08-2020 1171

Табиғи ұзын, әдемі кірпіктер қанымызда бар болғанмен, көрнекі құралдармен әрлеу біздің заманымыздың шынайы бет-бейнесіне айналып кетті. Әдемілік әрбір қыз-келіншектерге қажет дүние. Әдемілік те сол көз жанардың тұнып тұрған нұрына тікелей байланысты сияқты. Ендеше кеңестерімізге назар салыңыз:

Модные-тренды-в-наращивании-ресниц-2019-2020-890.jpg

1. Кастор майына А дәруменінің екі тамшысын қосып әбден араластырып сол қоспаны кірпікке жақса, кірпіктер жарқырап ұзарып көрінеді.

2. Бадам мен шабдалы майы – кірпіктердің өсуін жеделдететін жеңіл тәсіл, сонымен қатар түсудің алдын алудың ең жеңіл түрі.

3. Кастор және түйешоған майын бірдей көлемде алып, Е дәрумені мен алоэ суын қосып араластыру керек. Алынған қоспаны бітіп қалған бос тущь құтысына құйып, күн сайын бір ай көлемінде қолданса, кірпіктер өсіп, мықтылана түседі.

Кірпіктердің жағдайын ұйықтар алдында, макияжды тазалаған соң ойлау керек. Егер тұрақты түрде сіздің кірпіктеріңіз түнімен қажетті қоспалармен күтініп отырса, жақсы нәтижелерге қол жеткізеріңіз анық.

Сүрмені бояғышты сақтау ережесі

• Сүрмені үш айдан артық сақтауға болмайды. Егер олай болмаған жағдайда, сақтау мерзімі өткен сүрмемен кірпікті бояу кезінде түйіршіктер пайда болып кірпікте ауырлық сезіледі.

• Сүрме уақытынан бұрын кеуіп қалмау үшін щеткасын асығыс емес, жай салып дұрыстап жабылуын қадағалау керек. Егер асығыс шала жабылған болса, ол тез кеуіп қалады.

• Бояуышта құрғап қалған сүрме қалдықтары болса оны қайта қорабына сала салу дұрыс емес, алдымен қағаз майлықпен тазалап алу керек, сосын ғана салған дұрыс.

• Сүрме біте бастағанда оны ары-бері қозғап шығару дұрыс емес. Өйткені, қораптың ішіне ауа кіреді де сүрме тез кеуіп қалады. Керісінше ақырын бұрау арқылы жанындағы бояуды жағуға болады.

Сүрме ұзақ сақталу үшін қорабын ұзақ ашық ұстамау керек және қақпағын толық жабу қажет.

Ми жұмысына әсер ететін әрекеттер
Жеңіл босанудың сіз білмейтін жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу