Омега 3 дәруменінің пайдасы

Oinet.kz 09-03-2020 32066

Көбіне балалардың өсіп-жетілуі баяулаған сәттерде дәрігерлер балық майын тұрақты тұтынуды ұсынады. Бұл заттың құрамында көп қанықпаған май қышқылы Омега 3 бар. Омега 3 дәруменінің адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Материалда осы дәрумен жайлы көптеген ақпаратпен бөлісеміз.

ce863eef273e65ca89c0bc16c06434a64e044bb4.jpeg

Омега 3 дегеніміз не?

Омега 3 полиқанықпаған майлы қышқылы ғалымдардың адам ғұмырын ұзақ жалғастыруға қызығушылығының арқасында ойлап табылған. Мұның сыры балық өнімдерінің көптігімен байланысты екені белгілі. Солтүстік халық өкілдерінің қан құрамын зеріттеу нәтижесінде Омега 3 құрайтын эйкосапентаеноид (ЕРА) және докозагексаеноид (ДНА) деп аталатын екі табиғи май қышқылдары бары анықталды.

Омега 3 полиқанықпаған май қышқылдары жасуша мембраналары мен қан тамырларының бөлігі болып табылады және дұрыс тамақтанудың қажетті компонеттерінің бірі. 

Омега 3 пайдасы

Адам ағзасына Омега 3 дәруменінің тигізер пайдасы орасан зор. Бұл дәруменді біз балық өнімдерінен көптеп ала аламыз. Ғалымдардың зеріттеуі бойынша, бұл Омега 3 дәруменін күнделікті тұтыну жүрек және буын ауруларына, көздің көру қабілетін арттыруына, тері және шашқа оң әсерін тигізеді. 

Сонымен қатар, бұл антиоксидант қосындылары ағзадағы артық холестериннің ыдырауына және ерте қартаюға қарсы көмектеседі. Әсіресе, Омега 3 дәруменінің жүкті әйелдерге тигізер пайдасы зор. Жатырдағы бала миының қалыпты өсуіне жақсы әсер етеді.

Полиқанықпаған майлы қышқылдар ағзадағы кальций деңгейін ретттейді. Әрі қартайғанда пайда болатын ең көп таралған аурулардың бірі – остеопороз салдарынан сүйек сынуы қаупін азайтады. Омега 3 дәрумені денедегі артық майлардан арылуға және майлардың ретті ауысуына көмектеседі. Сонымен қатар, депрессия кезінде Омега 3 тұтыну стресс гормондарын ыдырауына және серотеннің (бақыт гормоны) көбеюіне көп әсер етеді.

Omega-3-liels-1.jpg

Омега 3 дәруменіне бай өнімдер

Бұл өнімдердің көшін балық тағамдары бастап тұрады. Майлы және жартылай майлы балық өнімдерінің құрамында Омега 3 дәрумені өте көп. Егер аптасына 2-3 рет балық қосылған тағамдарды тұтыну жүрек ауруларын төмендетсе, бұл өнімдерді айына жиі тұтыну инфаркт пен инсульттың төмендеуіне көмектеседі. Өсімдіктердің ішінде зығыр және күнжіт тұқымдарында көптеп кездеседі. Сол себептіде көкөніс салаттарына зығыр және күнжіт майын қосу ұсынылады. Сонымен қатар, грек жаңғағы, бұршақ, гүлді қырыққабат, шпинат, брокколи және қауын Омега 3 дәруменіне өте бай өнімдер болып табылады. 

Анар жемісінің 10 қасиеті
Әйелге келетін бақ-берекені азайтатын әдеттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу