Әжем берген түйіншек жолымды ашты
25-09-2022
Күнделікті уақытымызды жұмыста компьютер алдында өткіземіз. Бірнеше сағаттар бойы компьютер алдында отырсаңыз, көзіңізге ауыртпалық түсіп, бұлдырап, шаршайды. Сондықтан арасында уақытыңызды бөліп мына жаттығуларды жасап тұрыңыз.
1. Көзіңізді компьютерден басқа бағытқа аударып, көзіңізді жұмып, жағымды нәрсе жайлы ойлап 2 минут тынықтырыңыз. Гимнастика барысында иығыңыз бен басыңызды тік ұстаңыз.
2. Енді назарыңызды басқа жаққа аударып, бір нүктеге 5 минут қараңыз.
3. Жоғарыдағы ең биік нүктені тауып алып, соған қараңыз. Содан кейін жанарыңызды ақырындап төмен түсіріп, жердегі бір нүктеге қараңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз. Келесі жаттығуды дәл осы бағытта, тек солдан оңға, оңнан солға қарау арқылы жалғастырамыз.
4. Көзіңізді айналдыра отырып, оң жақтан сол жаққа қарай, сол жақтан оңға қарай қараңыз. Бұл жаттығуларды жасау барысында асықпағаныңыз жөн.
5. Сұқ саусағыңызды мұрныңызға тигізіңіз. Саусағыңыздың ұшына қарай отырып, қолыңызды алға қарай созыңыз. Қолыңызды асықпай қайта мұрныңызға тигізіңіз. Бұл жаттығуды орындау барысында назарыңызды саусақ ұшынан басқа бағытқа аудармаңыз. Бұл жаттығуды, кемінде, 6 рет қайталаңыз.
6. Алыста орналасқан бір нүктені тауып алыңыз. Бұл терезе алдында тұрған гүл немесе қарама-қарсы тұрған үйдің терезесі болуы мүмкін. Нүктені таңдап алғаннан кейін сұқ саусағыңызды 10 см алға қарай созыңыз. Енді сол саусақтың ұшына қараңыз да, назарыңызды өзіңіз таңдап алған алыстағы нүктеге аударыңыз. Осы әрекетті, кем дегенде, 10 рет қайталаңыз.
Соңында көзді 1 минут тез-тез жыпылықтату керек.
Көзге арналған жаттығу миопияның алдын алып, шаршаңқылық сезімін жояды, көздің бұлшық еттерін қалыпқа келтіріп қан айналымын жақсартады. Бір рет қана қолдану көздің шаршағанын басқанымен, көздің көру қабілетін жақсартпайды. Бұл гимнастиканы әдетке айналдырыңыз.