Психологиялық тест. Қайсы отбасы жалған?

Oinet.kz 26-02-2020 8004

1. Отбасы

Сіз қиын сәтте кез келген жанға қол ұшын созатын адамдардың бірісіз. Бұл сізге Құдайдың берген ең асыл қасиеті. Сіздің өмірлік ұстанымыңыз - әлемді мейірімділік пен адамгершілік құтқарады ✨

Бір ескерте кететін жайт - адамдарға көмектесу мен олардың жеке өміріне араласу, бақылау жасау екеуін шатыстырып алмаңыз. Арақашықтықты сақтау маңызды ☝️

Бұл отбасы бақытты болуы мүмкін, бірақ оны нағыз отбасы деуге келмейді. Өйткені суретке мұқият қарасаңыздар, анасы баланы ештеңемен шаруасы жоқ, қолын қалтасына салып алған бейқам әкесінен қорғап, көтеріп алған. Сіз өзіңіздің отбасыңыздың мұндай болғанын қаламайсыз. Сондықтан осы суретті таңдадыңыз.

психологиялық тест.jpg

2. Отбасы

Сіз өте мейірімді және байқампаз жансыз. Тұрақты, сенімді қарым-қатынас құруды армандайсыз. Сіз үшін отбасы идеалы - ері де, әйелі де өмірінің соңына дейін бір-біріне қамқор болып, шексіз сүйіп өтетін отбасы. Отбасы сіз үшін карьерадан маңыздырақ.

Сіз басқаларға қамқор болғаннан ләззат аласыз, өз айналаңызда жылулық пен мейірімділік атмосферасын құрғыңыз келеді.

Адал, әрі сенімді доссыз. Осы қасиетіңізді кейбір пасық жандар өз пайдасына қолданып кетеді.

Жаныңыз жараланбауы үшін, араласатын ортаңызға аса сақ болыңыз.

3. Отбасы

Сіз үшін сыртқы көрініс емес, отбасыдағы ішкі жылулық маңызды. Сіз жеті рет өлшеп, бір рет кесетін көреген жансыз.

Сіз үшін отбасы - ері де, әйелі де бақыт үшін бірдей үлестерін қосатын теңдік одақ. Сізді түсінетін, әңгімеңіз жарасатын жандармен бірге болғанды қалайсыз.

Сізге жан жылуы мен мықты байланыс жетіспейді.

Жауаптар қаншалықты сәйкес келді?

Көзге арналған жаттығулар
Баланың көңіліне қаяу түсіретін 10 сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу