Баланың көңіліне қаяу түсіретін 10 сөз

Oinet.kz 02-03-2020 3975

Көп жағдайда атааналар баласын ренжітіп, оған байқаусызда қол көтеріп қойған жағдайда, мұндай әрекетті екінші рет қайталамауға өздеріне серт беріп жатады. Өте дұрыс! Аталмыш жағдайды түсініп, сезінеді. Ал, кейде күнделікті қолданыстағы сөздермен баланың көңіліне қаяу түсіріп жатқанын байқамай жатады. Сонымен баланың жек көретін 10 сөзі:

obida.jpg

1) Көреміз

Әдетте бұл сөзді киноға барайық, пицца жейік, ұнаған ойыншығымды алып беpіңізші дегенде беретін жауабымыз. Негізгі ойы "Жоқ", бірақ жалған үміт береді. 

2) Ақымақ! 

Ауыздан шыққан әр сөз дұға 

3) Жоқ дедім ба, жоқ!

Баланың сізбен диалог жүргізуіне үлкен қара нүкте! 

4) Өйткені, ол солай (сондай). 

Өзіңіз де білмейсіз, балаға да түсіндіре алмайсыз. Арты үлкен қара түнек! 

5) Ұялмайсың ба! 

(жалғасы сен үлкенсің ғой, қыз баласың ғой, жігітсің ғой!) Ұят сезімі баланың жынысы мен жасына қарай ғана бөлінеді деген сигнал бердіңіз. 

6) Білгеніңді істе!

Балаға еркіндікті бергендейсіз. Бірақ "Бәрібір сенікі дұрыс болмайды", - деген мағынада айтасыз. Баланың бетін қайтарасыз. Ал, баланың бетін қайтара берсеңіз, соңы өкінішпен аяқталады. 

7) Өтірік соқпа! 

Баланы өтірікші қылудың ең оңай жолы. 

8) Өскенде түсінесің! 

Не дейміз? Сұраған сұрағымен баланың бетін қайтарғанымен қоса, оның түк түсіне алмайтын адам екендігін сендіреcіз! 

9) Бәрінен ақылдысың ба не? 

Ең алдымен бала өз-өзін бағалауды, жоғары ұстауды доғарады! Сізге қарсы жек көрініш сезімі ояна бастайды. Өзі күлкіге қалғандай сезімде болады. Осылайша өз қадіріңізді түсipecіз. Сізді сыйламаса елді қайдан сыйлайды? 

10) Осы не әдет? 

Өзіңізге ұнамайтын әрекетті балаңыздан байқаған болсаңыз міндетті түрде тістеніп, даусыңызды көтеріп айтасыз. Мұндай тонда айтылған сөздер баланың есінде қалары анық. Демек осы менің әдетім екен ғой деген ойды балаңыздың санасына құйып бере салдыңыз. !? 

Бұл мысалдан өзіңіздің сөздеріңізді тани алдыңыз ба? Білместікпен қай сөзді жиі айтып қоясыз?

Психологиялық тест. Қайсы отбасы жалған?
Үй жағдайында медициналық бетпердені қалай жасауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу