Семіздік. Салмақ жетіспеушілік. Дене массасының индексін есептеу
Семіздіктің немесе салмақ жетіспеуінің нешінші дәрежесіне жататыныңызды білесіз бе? Ал, білмесеңіз есептеп көріңіз.
⠀
Дене массасының индексі, ДМИ (ағылш.body mass index (BMI)) — адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін шама. Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Емделуге қажеттілікті анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.
Дене массасы индексі келесі формула бойынша анықталады:
I = m/h2
мұндағы:
m — дене массасы, килограмм
h — дене бойы, метр
және кг/м² бойынша өлшенеді.
Мысалы, адам массасы = 85 кг, бойы = 164 см. Яғни, бұл жағдайда дене массасының индексі:
ДМИ = 85 : (1,64x1,64) = 31,6
Қорытындысы:
16 және одан кем- Массаның айқын дефициті
16 - 18,5 - Дене массасының жеткіліксіздігі
18,5 - 25 - Қалыпты
25 - 30 - Дене массасының артықтығы
30 - 35 - Бірінші дәрежелі семіздік
35 - 40 - Екінші дәрежелі семіздік
40 және одан көбірек - Үшінші дәрежелі семіздік.