Майлы теріге қандай күтім қажет?
Бетіңіз өз сипатына қарай майлы тері, құрғақ тері болып бөлінеді. Ең әуелі, бетіңізді қай типке жататынын анықтап алып, соған орай күтім жасай біліңіз.
Майлы бет бізге ген арқылы келеді. Бір қуантарлығы майлы бетке әжім кеш түседі, бірақ акне, қара нүкте, комедондар үйір болады , сондықтан бетті күнделікті күту маңызды. Мақсат қабынуды басу, бетті тегістеу.
Тазалау.
Таңертең және кешке арнайы майлы бетке арналған көпіршік(пенка), гель пайдаланамыз. pH 4,5 - тен жоғары болмауы керек.Сабын мүлдем болмайды. Су температурасы ыстық та суықта болмау шарт, 18,19 С.
Спирт бар құралдардан аулақ болған жөн, олар беттің қорғаныш қабатын бұзады.
Қоректендіру.
Майлы бетке крем қажет емес деген қате пікір. Күнделікті тазалағаннан соң жеңіл текстуралы крем жағамыз.Құрамында витаминдер, антиоксиданттар, қабынуға қарсы (цинк, салицил қышқылы т.б) компоненттер болуы , SPF жоғары, ультракүлгін сәулелерден қорғауы шарт
Маска.
Арнайы майлы бетке арналған масканы аптасы 2,3 рет қолдану керек.
Үй жағдайында : аспирин, белсендірілген көмір, қияр, глина маскаларын қолдан жасап пайдаланамыз. Алда жеке рецепттерін жазамын. Негізгі қызметі тесіктерді тарылып тазалау, қоректендіру.
Тереңнен тазалау. Скраб,пилинг құрамында антибактериальды қасиетке ие ацетилсалицил қышқылы, шалфей болған жөн. Бірақ, безеу болған жағдайда скраб қажет емес, ол одан сайын асқындырады. Тазалау үшін косметолог кеңесіне жүгіну дұрыс болады.
Тамақтану.
- Клетчаткаға бай тамақтану.
- Суды көп ішу.
- Майлы, тәтті, тез дайындалатын тағамдар жемеу.
Күнде лимфодренажды массаж. Қан айналымын жақсартады, бетке өң береді, әжімнің алдын алады.
Егер үнемі мазаласа гормондарға анализ тапсыру, іш құрылысты УЗИ - ға түсіру, аспаптық зерттеулер қажет болады.