Тыртықтан қалай арылуға болады?
15-04-2021
Қызылша – кең таралған жедел инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38—40°C дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады. Қызылша бүгінгі күнде ең жұқпалы аурулардың бірі. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімінде екпені уақытылы алу және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.
Қызылшаның белгілері:
- тамағындағы қабыну;
- көздің қызаруы;
- ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы;
- теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді.
Есіңізде болсын, ауру бөртпе пайда болып басталмайды, суық тию белгілері сияқты басталады - дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу.
Соңынан коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады. Алғашқы белгілері байқалғаннан соң, шамамен 2-4 күннен кейін ауыз қуысында ұсақ ақшылдау бөртпелер пайда болады.
3-5 күні бөртпелер айқын дақ түрінде қаптап, көбейіп кетеді. Құлақтың түбінен, маңдайдан бастап, ары қарай бүкіл денесіне тарайды.
Бөртпе 4-7 күн тұрады. Олар жоғалған соң, орнында қоңырлау дақтар қалады, екі аптадан соң тері тазарады.
Берілу жолы - ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі.
Асқынуы:
- Өкпенің қабыну ауруларына;
- Көздің мөлдір қабығының зақымдалуына;
- Миокардит;
- Гепатит;
- Гломерулонефрит;
- Ең ауыр асқыну - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (энцефалит, менингоэнцефалит).