Жүрегіңіз ауырмас үшін...

Oinet.kz 28-11-2019 1717

Жүрек - ағзамыздың моторы. Жүрек дұрыс жұмыс жасау үшін ағзамызды витаминдермен, калий мен магниймен тамақтандыру, ауру кезінде жүрек бұлшықеттерін оттегімен (кислород) қанықтыру қажет.

Жүрек.jpg

Жүрек-қан тамыр жүйесінің дұрыс жұмыс істеу үшін қолдану керек тағамдар:

Құрамында Калий бар тағамдар: 

- кептірілген өрік (курага);

- картоп;

- жүзім;

- мейіз;

- банан;

- асқабақ;

- бұршақтар.

Құрамында Магний бар тағамдар:

- қарақұмық (гречка);

- күріш;

- сұлы (геркулес);

- жаңғақтар (кунжут, кешью);

- асқабақ пен күнбағыстың дәндерінде;

- сүтте;

- зәйтүнде (оливки);

- бидай кебектерінде (отруби);

- теңіз балдырларында (морская капуста);

- қызыл уылдырықтарда.

Бұл тағамдарды аптасына 3 реттен  қолданған жөн. Жүрек ауруларын алдын-алу үшін холестеринді төмендету, қан қысымы мен дене салмағын бақылап отыру да артық етпейді.

Есіңізде болсын, дәрігерлеріңіздің рұқсатымен ғана жүрекке арналған препараттарды қолдануға болады (магне В6, аспаркам, ротавит кардио). 

Дене қызуын (температура) түсіру жолдары
Қызылша қандай ауру?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу