Дене қызуын (температура) түсіру жолдары

Oinet.kz 27-11-2019 8344

Температура - ағзаның қорғаныш реакциясы. Әдетте, температураны тек  термометрмен өлшеп, бар жоғына көз жеткіземіз. 37- 38 тіпті мейлі 39 градус болып жатса да қызу түсіретін дәрі беруге асықпаймыз. 

дене қызуы.jpg

Науқастың температурасы 38 градусқа дейін жетіп, бірақ белгілері болмаса, онда дәрі-дәрмек берудің қажеті жоқ.

Ал температурасы 37.5 науқас әлсіз, тәбеті, көңіл-күйі жоқ болса онда дәрі қолдануға болады.

Есіңізде болсын, жоғары температура емес, жалпы жағдайы мен ауру қауіпті.

Мысалы жәй тұмау кезінде температура 39 болуы мүмкін,ал менингит  38 температура фонында жүруі мүмкін.

Сонымен дене қызуын түсіру жолдары:

Ең бірінші:

- артық қымтамау,керісінше терезені ашып желдетіп,үстіндегі қалың киімдерді шешу;

 - жеткілікті сұйықтықпен қамтамасыз ету,(су,компот беру);

- зорлап тамақ бермеу,өзі қалағанша жегізу.

Температураны қай кезде түсіреміз:

- бала әлсіз, берген суды ішпейді, жылап, ұйықтамай жатса;

- тынысы,жүрек соғуы,естің бұзылыстары байқалса;

- жүрек, өкпе, неврологиялық аурулары болса, операция, күюден кейін;

- 40 С жоғары болғанда;

- сусыздану байқалса;

- бас жарақатын алса;

Температураны түсіру үшін парацетамол және ибуфен қолжану жеткілікті.

Қолдануға болмайтын дәрілер:

- аналгин, аспирин, димедрол.

- және алақанды мұз, спирт, уксус, арақпен сүртуге болмайды

Жас ерекшелігіне қарай қанша сағат ұйықтау керек?
Жүрегіңіз ауырмас үшін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу