Үтіктегі дақты кетірудің 5 жолы
Кейде үтіктердің маталарды жабыстырып алатын әдеті бар. Соның салдарынан үтікте дақ қалып кетеді де, қолдануға ыңғайсыздық тудырады. Алайда дақты үй жағдайында кетірудің бірнеше оңай тәсілі бар. Біріншіден: матаға тұз салып қыздырылған үтікпен үстінен бассаңыз, қара дақтар кете бастады.
Екіншіден, шүберекке тіс пастасын жағып, қыздырылған үтікті сүртсеңіз, ол да қара дақты кетіреді.
Үшіншіден, балауыз шамын шүберекке орап қыздырылған үтікті сүртсеңіз де, дақтың кеткеніне куә боласыз.
Төртіншіден, сутегі тотығын шүберекке құйып үтікті сүртсеңіз, қара дақты бірден кетіреді.
Бесіншіден, шүберекті кәдімгі сірке суымен дымқылдап, үтіктегі қара дақты сүртіп көріңіз. Бұл әдістің барлығы үтікті тазартуға көмектеседі.