Жетісайдың театры 50-ге толды
Биыл Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры талай жылдан бері Оңтүстік өңірінің мәдениетінің дамуына, осы салада өызмет етіп жүрген талай жанның шыңдалып шығуына септігін тигізіп келе жатқан киелі өнер ордасы. Биыл аталған театр ширек ғасырын тойлап жатыр. Мерекелік датаны Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы елеусіз қалдырмады. Ауқымды шараға жиналған жұрт алдымен Құрманбек Жандарбековтің бьюстінің ашылуына куә болды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев және аталған театрдың ардагер әртістері мен Құрманбек Жандарбековтің ағайын-туыстары қатысты.
«Театрдың тарихында Құрманбек Жандарбековтің есімі алтын әріптермен жазылады. Алғашқы күндерден бастап-ақ бағыт-бағдар беріп, актерлерге ұстаз болған, ұлы актердің көркем мұрасы біздерге рухани азық. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының - ел руханиятына сіңіріп жатқан үлесі орасан. 50 жылда қара шаңырақта түрлі қойылымдар қойылып, елге танымал сахна саңлақтары осы ордадан түлеп ұшты. Жетісай театрының тарихы мен мәдени мұрасы ауданның, облыстың ғана емес, бүкіл Қазақстанның өнер шежіресіне айналып келеді», – деді Мәлік Отарбаев салтанатты жиында.
Айта кетейік, бүгінге дейін театр ұжымы еліміздің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп, алыс-жақын шетелдерде өткен фестивальдерде жүлделі орындарға ие болып келеді.