5 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды

Oinet.kz 03-12-2024 50

image.png

Сайрам агроөнеркәсіп саласы бойынша облыста көш бастап тұр. Жыл сайын үздік үштіктен түспеген ауданда ет, сүт өнімдері көптеп өндіріледі. Бүгінде ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырған кәсіпкерлер де жетерлік. Нәтижесінде биыл облыстың агроөнеркәсңптік кешенінде 13 даму көрсеткіші бойынша жалпы өнім көлемі 180,7 миллиард теңгені құраған. 

Президент пәрменіндегі бағдарламаның бірі  - «Ауыл аманаты» жобасы. Бұл бағдарлама ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай сеп болып отыр. Мәселен аталған саланың ішіндегі егін шаруашылығының өнімін арттыру бойынша арнайы субсидия техникалардың жаңарту  жұмыстары жүргізіледі. Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының айтуы бойынша биыл қамба астыққа толып, өткен жылмен салыстырғанда еселеп өнім алған. 

«Аудан бойынша 8 мыңға жуық ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпорындар жұмыс атқарады. Биыл ауылшаруашылығы саласында 5 миллиардтан астам инвестиция тартылды. Егістік жеріміз 52800 гектарды құраса, толығымен соны игеріп астықтың  барлығын жинап бітірдік. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес су үнемдеу техноолгиясын енгізуді биыл ауданда қолға алынып, 9 айдың нәтижесімен 1012 гектар жерге тамшылатып суару әдістерін енгіздік. Бірқатар атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы өнім көлемінің өзі 9 айдың қорытындысымен 108,6 миллиард теңгені құрады. Сайрам ауданы «Алтын күз - 2024» мерекесінде агроөнеркәсіп кешенінің көрсеткіштерін орындау бойынша 1 орынға, сонымен қатар ет, қайта өңдеу саласында озат аудан болып атанып отыр. 17500 гектарға көкөніс ектік. Аудан шаруалары ерте пісетін картоп егуді қолға алған. Биыл 4000 гектарға картоп егіп, өңірлер бойынша ең алғақшы болып біз жиннап алдық. Ауданда көкөністің барлық түрі өсіріледі. Тек қана күріш жоқ. Қалған дәнді-дақыл, жеміс-жидек, көкөністердің барлығы өседі. Диқандар бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясын жетік меңгерген. Ауданда экспортқа шығатын өніміміз ол  - ет. Алдымен ет өнімін өндіретін кәсіпкерлер аудан тұрғындарын қамтамасыз етеді. Тікелей өндіріс орнынан арзан бағада алуға жағдай жасап қойғанбыз»,- дейді Бахадыр Олжаев.  

Қазіргі таңда ауданда жылыжай шаруашылығы да қарқын алған. Біз қызығы тек қияр, қызанақпен шектелмей тропикалық жемістер өсіретіндердің қатары артқан. Лимон, банан сынды өнімдер сатылымға шығарылуда. 

«70 гектар жылыжайымыз бар болса соның ішінде тропикалық жеміс өсіріп отырған кәсіпкерлеріміз де бар. Таскешу ауылындағы банан өсіріп отырған жылыжайдың маңынан тағы агроаймақ құрсақ деп отырмыз. 90 гектар жер белгіленіп қойған. Одан бөлек екі лимонариумымыз бар. Көмірмен жылытатын 14 жылыжайымыз бар. Оларға көмір жеткізу мәселесін қолға алып жатырмыз. Көмір жеткізу, тасымалдау жағынан қиындық жоқ. Себебі аудан орталығы Ақсукентте көмір сататын мекемеміз бар. Өзге аудандағылар да осы мекемеден көмір тасымалдайды. Шаруаларға ең төмен бағамен береді»,- дейді бөлім басшысы.

Ауылшаруашылығын дамыту үшін техникаларды жаңарту қажет. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы. Статистикаға сүйенсек облыс көлемінде техникалардың әлі 70 пайызы  жаңартуды қажет етеді. Сайрам ауданында 9 айдың ішінде 135 бірлік жаңа техника сатып алынған. 6,1 пайыз техника жаңарған. 

Аграрлықсалаға көрсетілген мелмкеттік қолдау мен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында мал шаруашылығы тұрақты даму үстінде. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 19 пайызы , өндірілген еттің 11 пайызы өңірдің үлесінде. Ал шекара асып жатқан еттің 80 пайызы , яғни 7 мың тоннадай Түркістан өңіріне тиесілі болса, жыл басынан бері Сайрам ауданы 3,5 мың тоннадан астам ет өнімін экспортқа жөнелткен. 

«Сайрам ауданында 215 мың ірі қара малымыз бар. 163600  қой, ешкіміз, 84 мың жылқымыз бар. Биыл 106400 тонна сүт өндірілді, жұмыртқа 87 мың дананы құраса, етіміз 35300 тоннаны құрап отыр. Оның 21400 тоннасы экспортқа жөнелтілді. Оның ішінде 13 мың тоннасы ірі қара, 8,2 мың тоннасы қой еті.  Кәсіпкерлік саласына тоқталатын болсақ қазіргі таңда ауданда 21 мыңнан астам кәсіпкерлік нысандар тіркелген. Кәсіпкерлікті, өңдеу саласын терең дамыту мақсатында ауқымды жоспар құрдық. Алдағы уақытта 48 жобаны іске асырамыз деп отырмыз. 3300 қосымша жұмыс орны ашылатын болады. Жылдың соңына дейін 7 инвестициялық жоба ашылады. Олардың жобалық құны 9 миллиардтан астам. Жеке кәсіпкер Қарабұлақ ауылының тұрғыны Убаев Жахангир мал сою кезінде шыққан қалдықтарын қайта өңдеу цехын іске қосайын жеп отыр. Құрылыс жұмыстары бітті. Енді қондырғылары орнатылып бітсе, жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Сондай-ақ кәсіпкер Сайданов Абдурасул деген азаматымыз қазіргі таңда 6 миллиардтық инвестициялық жобаны іске асырып жатыр. Мал шаруашылығы кешенінде бордақылау алаңы, етті терең өңдеу және мал қалдықтарын терең өңдеу цехтары ашылатын болады», - дейді Бахадыр Олжаев. 

Мал бордақылап, сүт сауады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу