110 адамды жұмыспен қамтып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру қажеттігін атап көрсетіп, Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар әзірлеуді, оның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуін, шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырды. Осыған орай, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленді.
Бәсекеге қабілетті отандық өнім өн¬ді¬ріп, сыртқы нарық көкжиегін кеңей¬ту¬ге басымдық беріліп отырған аса жа¬уап¬ты кезеңде жеңіл өнеркәсіптің орны бөлек. Өркениетті елдерде бұл сала та¬уар¬¬ларына сұраныс азық-түлік өнім¬де¬рінен кейін екінші орында тұрғанын ескерсек, мән-маңызы тіпті арта түседі. Жеңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Италия, Гер¬мания, Қытай, Түркия секілді мемлекеттерде ішкі жалпы өнімнің 15-22 пайызын құрайды. Қазақстанда да соңғы жылдары жеңіл өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Әр өңірде шағын болса да тігін цехтары ашылуда. Елімізде костюм, мектеп формалары, аяқ киім және шұлық өндірісі дамып келеді.
Осы орайда Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында өткен жылдың соңғында тігін цехы ашылған болатын. Мұнда 110 адам жұмыспен қамтылған. Жобалық құны 80 миллион теңгені құрайды. Цех заманауи тігін құралдарымен жабдықталған. Жылына 120 мың маусымдық костюм мен сырт киім мен сапалы материалдан аранйы киімдер тігіледі.
Алдағы уақытта «RaINTEX» ЖШС-ның басшылығы тігін цехында тауар көлемін ұлғайтыпсол арқылы жұмыс орындарын көбейтуді көздеп отыр. Жаңа кәсіпорын – бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал ететін маңызды қадам. «RaiINTEX» ЖШС-і Сайрам ауданына өндірістік қуаттарын кеңейтуде үлкен әлеуетке ие. Себебі Сайрам ауданы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша көш бастап тұр. Ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша екінші, халық саны бойынша 226,2 мың адамды құрап 1-ші орында.
Алдағы уақытта аталған компания Көлкент ауылдық округінде тағы бір тігін филиалын іске қосуды көздеп отыр. Жобаны іске қосу өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді.
Елімізде жеңіл өнеркәсіп 20-дан астам кіші саланы қамтиды, олар үш негізгі топқа біріктірілген: бұл тоқыма өнеркәсібі 55 пайызды, киім өндірісі 37 пайызды, былғары және оған жататын өнімдер өндірісі 8 пайызды құрайды.
Жеңіл өнеркәсіпте 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша 1400 кәсіпорын жұмыс істеуде, онда 58 пайыз (818) кәсіпорынның негізгі үлесін тігін кәсіпорындары, 33 пайыз (463) тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар, 9 пайыз (119) былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар алады. Саланың 97 пайыз (немесе 1 362) шағын кәсіпорындар құрайды.
Жалпы алғанда, саланың біздің еліміздің экономикасына әсері экономиканың басқа салаларына қарағанда аз. Өңдеу өнеркәсібінде жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы 2023 жылдың қорытындысы бойынша – 0,97 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың қантар-наурыздағы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 52,7 миллиард теңгені құрады. Тоқыма саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында Мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы бекітілген (2020 жылғы 24 ақпандағы № 38-ө ҚР Премьер-Министрінің Өкімі).
Саланы дамыту мақсатында Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді, оған жеңіл өнеркәсіптің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, шикізат базасын дамыту және шикізатты қайта өңдеу, мемлекеттік қолдау шаралары, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау, отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің қуаттылығын арттыру, инвестициялар тарту, әлемдік тәжірибені енгізу және экспортты дамыту шаралары кіреді.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен 2 жыл мерзімге алып тастау белгіленді (2024 жылғы 19 ақпандағы № 99 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы соңғы қарыз алушылар үшін жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңіл өнеркәсіп жобаларына қаржыландыру бөлінді.
Саланың дамуын қосымша ынталандыру үшін Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне жеңіл өнеркәсіп салалары енгізілді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Сайрам ауданы – Түркістан облысындағы ірі аудандардың бірі. Ауданның тарихы сонау 1928 жылдан бастау алады. Сол жылы қаңтардың 17-сі күні Манкент–Сайрам ауданы шаңырақ көтеріп, әкімші лік орталығы Манкент ауылы болып бекітілген. 1934 жылы ауданның әкімшілік орталығы Белые Воды селосы, ал, 1997 жылдан Ақсу ауылы деп аталынады.
Тоғыз жолдың торабы саналатын аудан арқылы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі, Алматы – Бішкек – Ташкент – Орынбор магистралы мен Алматы – Ташкент – Мәскеу теміржол желісі өтеді.
Яғни, ежелгі Жібек жолының бойындағы керуен сарайлары мен әйгілі көне Сайрам жерін халықаралық маңызға ие аймақтардың қатарына жатқызуға болады.
Ауданда бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дөңгелетіп отырған жандар жетердік. Бірі шағын тігін, кондитердік цехын ашса, енді бірі үйінде отырып-ақ бизнесін жасап отыр. Осындай жанның бірі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасы негізінде несие алған жеке кәсіпкер Ұлықбек Ырсалиев. Мал шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 5 миллион теңге несие алыпты. Ол қаржыға 34 бас мал сатып алып, бордақылап отыр. Бүгінде қорасында 20 ірі қара мал бар. Үй іргесіндегі небәрі 14 соттық жер телімін тиімді пайдаланып отыр.
Ал «Өрлеу» жобасы аясында 312 мың теңге демеу қаржы алған кәсіпкер Нұржан Балабековтің тігін цехының да жұмысы өрлеп тұр. Бұл қаржыға ол тігін машинасы мен жіп құралдарын сатып алыпты. Мұнда қазір қыз жасауына қажет оюлы көрпе-төсек жабдықтары тігілуде.