Ата-әжелер сайысты

Oinet.kz 24-11-2023 1765

image.png

Созақ ауданының 95 жылдығына орай, "Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам" әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны , әдеби тілінің негізін салушы , аудармашы , сазгер , дана , дара тұлға Абай  Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Абай мұрасы - халық ұлағы “атты қара сөздерінен мәнерлеп оқудан байқау өтті. Бұл байқаудың мақсаты - өскелең ұрпаққа Абай атамыздың қара сөздерін ұмыттырмай насихаттау.  Аталған байқауға мекемеге келуші зейнеткер ата - әжелер қатысты. Байқауды ашып беру үшін "Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам" әлеуметтік орталығының директоры Оспанов Марат Әбілқайырұлы сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушылардың барлығы Алғыс хат және сыйлықтар мен марапатталды. Қатысушы ата-әжелердің немерлері де өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, теріскейдегі  «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы  өткен жылы ашылған болатын. Онда күніне 30 мүмкіндігі шектеулі азамат пен ардагерлерге қызмет көрсетіледі.  Орталық мүгедектерге және олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсету,  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрмыстық және әлеуметтін дағдыларға оқыту мен техникалық құралдарды пайдалануды үйретеді. Сондай-ақ спорттық дене шынықтыру, массаж, көңіл сергіту шаралары, зиятркерлік ойын түрлері мен рухани- танымдық шаралар өткізуге жағдай жасалған. Мұнда демалушылар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын түзейді. 

Жәрмеңкеде 21 адам тұрақты жұмыс тапты
Зағип жандарға құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу