Жәрмеңкеде 21 адам тұрақты жұмыс тапты

Oinet.kz 03-11-2023 171

image.png

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады.

 Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа уақыт ішінде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызығушылық танытқан бос жұмыс орындарды таңдай алады және таңдап алған бос лауазымға өту үшін әңгімелесуден өте алады.

Өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты негізде, оның ішінде онлайн форматта да өткізіледі.

Таяуда Созақ аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау.  Жәрмеңкеге 26 жұмыс беруші мекемеден 80 бос жұмыс орыны ұсынылды. Бос жұмыс орындарының ішінде білім саласы мен аудан аумағында орналасқан жұмыс беруші мекеме, кәсіпорындардан бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеде жұмыссыздар, пробация есебінде тұратын азаматтар, мүгедектігі бар азаматтар қамтылды. 

Жәрмеңкеге 100-ге жуық азамат келіп, әр түрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Жұмыс беруші мекемелердің басшылары мен өкілдері келген тұрғындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндірілді. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін несие бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді

Жәрмеңке нәтижесінде 21 тұрақты жұмыспен, 9 қоғамдық жұмыспен, 6 жастар практикасына орналасты.

Мүгедек жандар - ел назарында
Ата-әжелер сайысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу