Назарбаев: «40 мың гектар егіндік жер, 180 млн гектер мал жайылымымыз бар«

Oinet.kz 23-01-2019 1240

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатында жастарды ауыл шаруашылығымен шұғылдануға шақырды. Мемлекет басшысы егіншілік пен мал жайылымдарын жаңа технологиялар арқылы дамытуды ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ .

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді де тізіп берді. 

"Бүгінде бізді Израиль жыл бойы құлпынаймен қамтамасыз етеді екен. Түгі жоқ, тек құм мен шөлде жатып, осындай өнім алып отыр.

Оның жанында біздің даламыз - жұмақ қой? 40 мың гектар егіндік жер, 180 млн гектер мал жайылымы бар.

Ғылыми технологияны енгізетін болсақ, дүниежүзін асыруға атсалысып, байитын едік... "Колхоз, колхозшы" деген баяғыда қалды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін жаңа, озық технологиялар арқылы дамыту керек. Жалпы, ауылда қалып фермерлікпен шұғылданатын азаматтар дұрыс жасап отыр, ойлану керек", - деді мемлекет басшысы.

Айдарға кіру
Министр: «Бензин бағасы шамамен 150 теңге шамасында қалады...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу