Министр: «Бензин бағасы шамамен 150 теңге шамасында қалады...»

Oinet.kz 23-01-2019 1117

Бүгін БАҚ беттерінде Алматыда бензин бағасының төмендегені туралы жаңалық шыққан еді.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің арзандау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір Қазақстанда бензиннің артылып қалып жатқаны байқалуда. Қаңтардан бері осылай", — деді министр үкімет кулуарында. 

Айтуынша, Шымкенттің мұнай өңдеу зауытында, жалпы елде тауардың артылып, барлық резервуардың толып қалу қаупі туындаған. Сондықтан МӨЗ-дің жүктемесі төмендетілген.

Сондай-ақ, Бозымбаев Алматыда жанар-жағармай бағасының төмендеуі – нарық реакциясы екенін атап өтті. 

"Қазіргі таңда бензин бағасы реттелмейді. Шамамен 150 теңге шамасында қалады деп болжап отырмыз", — деді министр. 

Назарбаев: «40 мың гектар егіндік жер, 180 млн гектер мал жайылымымыз бар«
Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу