Ағам мен жеңгемді ажырастырғым келеді

Oinet.kz 06-07-2024 2576

Қыз-келіншектер, аналар, жалпы әйел затының басында көптеген қиыншылықтар болады. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан нәзік жанды әйелдер бәрін мойымай көтере біледі.

Screenshot_16.jpg

Үйде 5 баламыз! Үлкен ағам бала жастан мүгедек, 2-ші ағам үйленген, 3-ші ағам бойдақ, өзім тұрмыстамын, сіңлім университет оқиды. Әкем көп ішеді, анам байғұс балаларын жеткізем деп істемеген жұмысы болмады. Біздің кішкентай кезімізде әкем анамды жиі ұратын. бірақ аллаға шүкір қазір шүкіршілікте өмір сүріп жатырмыз

Екінші ағам жөнінде айтқым келеді. Ағам жақында үйленген еді, бәріміз қосылып тойды дүркіретіп өткіздік. Себебі ағамыз 30 жастан асып кеткен еді. Үнемі үйленсеңші, анама қолғабыс қылатын келін, сырлас жеңге әкелсеңші деп айтатын едік. Үйленемін дегенде қатты қуандық! Тойды несие алып жасажық, бірақ келген жеңгеміз ойлағандай болмады. Алғашқы күндері керемет келін рөлін ойнады. кейін келе ұйқыдан түсте тұратын болды, тамақ пісіргісі келсе пісіреді, пісіргісі келмесе ұйықтайды,ағам бірдеңе айтса жылап-еңіреп асылып өліп қалам деп қорқытады. Ең сорақысы анамды сыйламайды, үй жұмыстарына араласпайды.

Менен кейінгі сіңілім маған қарағанда пысықтау, сол ұрысып бірдеңе айтса болды ағама айтып бізбен қырылыстырып қояды. Мамам жеңгеме мектептен мұғалімдік жұмыс тауып берді ,үйде отырмаймын деп айтқан соң Жалақысын үйге әкелмейді, өзі киінеді, қыдырады. Анам ағам мен жеңгем екеуі қырылып ұрыспасыншы деп ортасына түсіп әлек.

Анам сабырлы, жайсаң адам, сол себепті басынады ма түсінбеймін. Анам жаңа жылдың алдында сол жеңгемнің кесірінен құлап есінен танып қалды, бәрімізді шошытты. Енді кеше ғана үйіме барғам жеңгем тырысып өзінің бөлмесіне кіріп кетіп шықпайды, шәйді де дұрыс бермейді. Анам байғұс тамақты өзі пісіріп әлек.

Менде бір үйдің келінімін, 2 ботақаным бар, бірақ біз енеміздің алдында жалпылдап әлек боламыз, куйеуіме жаман деп айтпасыншы, тәрбиелі екен деп мақтансыншы деп айтқанын артығымен істеп, сыйлық жасаудан аянбаймын. Осылардын бәрін қойшы анамды аяймын, келін болып түскеннен бері анам таяқ жеумен, енесінің басқа келіндерден бөліп күндеуімен келді, еш раxат көрген жоқ. Қанша рет өміріне қауіп төнді. Бірақ ешқашан өз өміріне налыған емес. Бізге үнемі сендер жақс жүрсеңдер болды деп отырады. Маған үйреткен өмірлік сабағы ата енеңе,күйеуіңе қарсы шықпа, олар сенің ең жақын туыстарың деп айтып отырады.

Ойым негізі шашыраңқы, әр әңгімені бір айтып, ойымды жеткізе алар емеспін, ренжімессіздер, айтқым келгені жеңгем туралы еді. Жеңгемнің қылықтарын жаза берсем, бітіп бермейді. Қандай ақыл кеңес қосасыздар, мүмкін балалары болмай тұрған кезде ажырастырып аламын ба деген жаман ой келеді. Анама өзі секілді келін тауып бергім келеді. Білмеймін енді басым қатып отыр, ақыл кеңес болса...

Аноним  

 alashainasy.kz

Қайынсіңлім бақытын іздеп он күйеуге тиіп шықты...
Ауылға қайтпағанымда, тағдырым бұлай болмас па еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу