Әпкем аяғым ауыр кезде «бала менің байымнан» деп бәле жапты

Oinet.kz 07-06-2024 1952

Сәлеметсіз бе, Ляззат ханым? Менің ішімде ит өлген десем де болады. Балалық шағым жақсы өтті дейін десем, бар бәле мен туғанда басталыпты.Мені анам босанғаннан кейін әкем қызметтен босап, бір ай шамасында жай түсіп біраз малдар қырылып қалыпты.

Screenshot_20.jpg

Осы жағдайдан кейін жаңа туған сәбиді әкем жек көре бастапты.Менде көп қараусыз болып, аурушаң болыппын.Мен ауырған сайын ақтық ұстап өледі деп күтіп отырады екен. Оқыған, сауатты қызметтегі азамат былай қарасаң.Бала күнімде байқамаппын, өсе келе әр жерде айтып қалып жүрді.Бір күні толықтай анамнан сұрап білдім. Мен туылып бәле болды, жамандық әкелді деп сенген екен.Оқу бітірген соң оқытқысы келмеді.Екі апам, ағам бар.Ағамды да жақсы көрмей отыратын. Тек үлкен апамды ғана жақсы көрді.Соның дегенін істеді, сонымен біздің үйдің биі апам болды.Ол бірақ сол билігін пайдаланып бәрінің жүйкесін жұқартып бітірді.Бәрі кетті өмірден тоз-тоз болып. Көрмегенді көрдік. Бәрінің оқыған оқуы, тәрбиелі, адамның бетіне келмеген мінездерімен жақсы бола алмады.

Үлкен ағамнан бұрын тұрмыс құрды. Құрғаны құрысын үйді тасып бітті. Бірер жылдан соң ағам үйленді оның әйелімен жау болды. Айтпағаны жоқ жеңгесін бір күні күйеуіне қосты, бір күні тағы біреуге қосып анама айтып ақыры екеуін төбелестіріп тынды. Онан соң сорым ба, бала кезімнен бірге жүрген жігітімнен аяғым ауыр болды. Жігітім үйленем десе де апам бұның баласы менің күйеуімнен деп соқты. Сөйтім ойбайлап шешеме ана жігітке берме баласын алдыртсын деп, оны істеп тынды. Сонда біздің адам құрлы құнымыз жоқ. Мында үндей алмайтын едім деген кейіпкерлерді жақсы түсініп отырмын. Қәзір еш нәрсені мойындамайды. Айтсаң мынаған жын қонған маған бәле жаба береді дейді. Арамызда бір апамыз еді оған сені жәлеп деді деп жала жауып маған айдап салып отыр. Жоқ әңгімені шығарады. Шаршап кеттім. Жасы алпысқа таяп қалды. Жас күнінде ауырып псих больницаға салғанда әкеміз алып қашып шығыпты. Бәрін ұмыты, құрысыншы. Дейін десең, сәл жағдайың болса сен менің несібемді ішіп отырсың дейді. Менің несібем саған ауысып кетіпті дейді. Өлмей бітпейтін арпалыс екен өмір, бір жағынан қысып тұратын.

Ляззат Ракишева

Instagram парақшасынан алынды

Енемнің үйде жоқтығын пайдаланып, заттарының бәрін өртеп жіберіп едім...
Жеңгемнің құлдығынан құтылғым келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу