Салақ келінімнен әбден шаршадым

Oinet.kz 24-11-2023 1328

Келін түсіру әр ананың шексіз бақыты емес пе? Мен де жалғыз ұлымды үйлендіріп, келін түсіргеніме шексіз қуандым. Арман - менің жалғыз ұлым. Әкесі кішкентай кезінде жол апатынан қайтыс болып, Арманды жалғыз өзім жетілдірдім. Өзім екі жерде жұмыс істеп, баламның жоғары білім алуы үшін ақша жинадым. Арман менің үмітімді ақтап, мектеп пен университетті үздік аяқтады. 

Screenshot_2.jpg

Арман студенттік жылдарында танысқан Айнұр есімді қызбен шаңырақ көтеруді қалады. Ал  мен құрбымның Жайна есімді қызың көз астыма алып жүрген едім. Ол өте инабатты, пысық әрі ибалы қыз еді. Бірақ ұлым өзінің ұнатқан қызына үйленуді қалаған соң, мен де қарсылық көрсете қойған жоқпын. Ұлым Айнұрмен мені таныстырды. Алғаш көргеннен-ақ жүрегім жыли қоймады. Арманға қанша айтқаныммен бар ойы сол қыз болған соң, оның үстіне үйленетін жасқа да келіп қалған еді. Қарсы болсам қыздардан көңілі қалып, үйленуін кейінге қалдырама  деп ойладым. Бастысы бір-бірін жақсы көреді, бақытты болар деп ақ батамды бердім. Дүркіретіп той жасап, Айнұрды шаңырағымызға келін етіп түсірдік. 

Барлық мәселе тойдан соң басталды. Жалпы, мен тазалыққа қатты қараймын. Әр заттың таза, ішкен тамағымыздың дәмді болғанын мұқият қадағалаймын. Бірақ Айнұрды бұл мәселе қызықтырмайды. Алғашқы кездерде айтып, үйретіп жүргеніммен, уақыт өте айтсам мені жақтырмай, шеке-басын тыжырайтып шыға келеді. 

Қазір үйге қонақ шақыруға ұяламын. Келінім кейде тамаққа тұзды көп салады, кейде мүлдем аз салып, дәмсіз жасайды. Тоңазытқыштың ішін ашсаң сасыған иіс, терезенің жақтауындағы шаң көзге көрініп, айнаны соңғы рет қашан сүрткені де белгісіз. Ұлым алғаш таныстырғанда жап-жақсы қыз сияқты көрінгенімен, үйленген соң салақтығымен үйіміздің берекесін қашырды. Кейде Арман сөз арасында маған «келініңізге дәмді тамақ пісіруді үйретсеңізші» деп айтып қояды. Мен үйретпейді емес, үйретем. Бірақ келіннін өзі  үйренудін орнына шеке-басын тыжырайтып, тымырайып шыға келеді. Байғұс, балам әйелінің салақтығынан сырттан тамақ ішетін болды.

Қазір келінім жүкті. Босанған соң қалай болатыны мені қатты мазалайды. Қазірдің өзінде баласыз үйдің жұмыстарына үлгере алмайды, ертең балалы болса тіптен сасып, тозып кететін түріміз бар ғой?!

Қайын әпкем аяусыз ұрды: Қайын жұртынан қорлық көрген келіннің сыры
Күйеуі үшін арықтаймын деп өліп кетті...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу