Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отбасымызда үш қыз едік. Мен үйдің үлкенімін. Артымнан тіз қатар сіңлілерім ергендіктен ата-анама еркелеп үлгермедім. Ес білгелі “Сіңлілеріңе үлгі болуың керек”, “сен үлкенсің ғой” дегенді естіп келемін.
Ата-анам кішкентай кезімнен сіңлілеріммен ойыншықтарыммен, киіміммен бөлісуімді сұрайтын. Отбасымызда әр баланың өз заты болмайтын. Барлығы үш қызға ортақ еді. Енді араға 30 жыл салып мен сіңліммен күйеуімді бөліскелі отырмын.
Бекзат екеуіміз магистратураның бірінші курсында танысқан едік. Өзі өте ақылды, тапқыр, қарасаң қарай бергің келетін өте сымбатты жігіт болатын. Талай қыздың арманына айналған ер азаматтың көзі маған түскенде қуанышымда шек болмады. Себебі оны бір көргеннен ұнатқан едім.
Араға бір жыл салып, отбасын құрдық. Ұлды болдық. Үш жыл бойы бақытты күндер кешкен едік. Алайда бұлай тек мен ойлаған екенмін. Жуырда сүйікті жарымның туған сіңлімде көңілі бар екенін білдім. Сіңлім де одан кет әрі емес сияқты. Екеуі бірнеше рет сыртта кездескен екен. Тіпті, үйімізге келгенде де екеуінің әзілдесіп, құшақтасқанын көріп секем алмағанмын ғой. Керісінше, Бекзат туыстарымды туғанындай көреді деп мәз болып жүре беріппін.
Жуырда күйеуім сіңлімде көңілі бар екенін, оны екінші жар етіп алғысы келетінін айтты. Төбемнен жай түскендей болды. Не өңім не түсім екенін айыра алмай біраз есеңгіреп тұрып қалдым. Айтуынша, ол сіңлімді бұрыннан бері ұнатып жүріпті. Мен жүкті болған кезде екеуі сырлас болып алған екен. Уақыт өте сіңлім де оған ғашық болып қалыпты. Тек одан менімен ажыраспауын өтінген екен. Сол себепті Бекзат мені де баламызды да тастамайтынын айтты. Десе де мұндай шындықтан кейін мен онымен бірге бір минутта бола алмадым. Киімдерім мен ұлымды алып ата-анама кеттім. Сол оқиғадан кейін сіңлімнің бет жүзін де көргім келмеді, ата-анам да одан теріс айналды. Естуімше, екеуі біздің жалдамалы пәтерімізде тұрып келеді екен. Некелерін де қиып алыпты. Қанша қиналсам да енді ештеңе бұрынғыдай бола қоймас. Өткенімді өшіріп, баламмен бірге болашағымды құруды мақсат еттім…