Көнерген сөздер деген не?
Көнерген сөздер күнделікті тұрмыста қолданыстан шығып қалған, сөздік мағынасын дәуір арқасына тастаған көне сөздер. Көнерген сөздер жұртшылықтың аузында өте сирек естілетін сөздер. Олар тек ескі шығармаларда, тарихи кітаптарда кездеседі.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын неше алуан өзгерістер сөздік құрамның дамуына елеулі әсер етеді.
Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаизмдер жоне историзмдер болып екі салаға бөлінеді.
Архаизмдерге әр халықтың күн көріс тіршілігіне салт-сана, тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуірде өзгеріп басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлері бар:
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: торқа, мақпал, шайы, пайы, мауыты, биқасап, борлат, лостек, ақсақ, репес, манат, дүрия, патсайы, берен, тұқаба т. б.
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауьш , ас беру, ұрын бару, құда түсу, кит кию, жылу, тілеу азық, мертік ас, жарыс қазан, тоқым кагар, отқа салар. бесік кұда, бел құда, жсңгетай, беташар, тасаттық, бастаңғы, қол кесер, шашу, барымта, көрімдік, қалың мал, байғазы, өлітірі, қырықжеті.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяқ, атауларына қатысты архаизмдер: шидем, шекпен, күпі, кебіс, сәукеле, жарғак, аба, кісе, жаулық, қоқы, жағлан, күлапара, қол жаулық, кебеже, шара аяқ, көбіс, сапты аяқ, түтқыш, казан қап, көнек, асадал, талыс, шөншік, керсеп, астау, кебсне, т. б.
4. Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет кайым, мүңкір-нәңкір, қазірет, біродар, зікір, жаназа, мүпти, підия, ақирет, ка-жы, калпе, зексг, құшыр, сәлде, жарапазан, әзірейіл, періште, сәресі, айг, ішірткі, ораза, иігір, бойтұмар, әллие, әнбие, жар болу, аян беру, кітап ашу, құран шығарту, бата оқыр, дем салу, үшкірту, аптау, ұшықтау, пірге кол тапсыру, шариғат, ақтық байлау, жайнамаз, дұғалық, жыртыс т. б.
5. Ай аттарына қатысты архаизмдер: наурыз—март, көкек—апрель, мамыр—май, маусым— июнь, шілде—июль, тамыз—ав-густ, қыркүйск—сснтябрь, казан— октябрь, қараша—ноябрь желгоқсан—декабрь, қаңтар—январь, ақпан—февраль.
6. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық, итарқа, жаппа, шошала, жолым үй, ергенек, иткірмес, дағара, қақыра, аран, шопан ата (қой), қамбар ата (жылқы), ойсыл қара (түйе), зеңгі баба (сиыр), шекшек ата (ешкі) т. б.
7. Әр түрлі ұғымга қатысты архаизмдер: аламан, алапа, ал-бан алаш, аластау, ақсарбас, дат, ақсақалдық, ақшом, ақшомшы, керуен, ақ сүйек, ақтаяқ, сүндеттеу, ақыретшіл, жаушы, жоралғы, мор, бұзачшық, тоганақ, томыртқа, т. б.
8. Жалпы турік тілдеріне тән архаизмдер: будун, ұлық, ұлыс, жұрт, тәнрі, толағай, адақ, дарқан, бек, мешін, т. б.
Қазақ тіліндегі тарихизмдерді төрт түрге бөлуге болады:
материалдық мәдениетке байланысты көне документтерде сақталып қалған зат атауларын (Қаба жүнді қайың ок„ Қapғa жүнді қамыс оқ); қорамсақ;
әкімшілік басқаруға байланысты сөздер: (атшабар, болыс, т.б.);
қазақ халқының қоғамдық өміріне байланысты өткен дәуірдің ерекшелігінен туған сөздер: (ханзада, ханша. нөкер, күң, құл, малай);
қазан төңкерісінен кейін туған жаңа типті тарихи сөздер: (қосшы, қызыл керуен, ақтар. қызылдар, батырақ т.б.)...
Көнерген сөздер: айбалта, сұлтан, садақ, ақ берен, болыс, барымта, жаушы, дағара, сауьш , ас бсру, ұрын бару, құда түсу, кит кню, жылу,тілеу азық, мертік ас, жарыс қазан, тоқым кагар, отқа салар. бесік кұда, бол құда, жсңгетай. беташар, тасаттык, бастаңғы, қол кесер, шашу, барымта, көрімдік, қалың мал, байғазы, өлітірі, қырықжеті, шидем, шскпен, күпі, кебіс, сәукеле, жаргак, аба, кісе, жаулық, қоқы, жағлан, күлапара, қол жаулық, кебеже, шара аяқ, көбіс, сапты аяқ, түтқыш, казан қап, көнек, асадал, талыс, шөншік, қиямет кайым, мүңкір-нәңкір, қазірет, біродар, зікір, жаназа, мүпти, підия, ақирет, ка-жы, калпе, зексг, құшыр, сәлде, жарапазан, әзірейіл, періште, сәресі, айг, ішірткі, ораза, иігір, бойтұмар, әллие, әнбие, жар болу, аян беру, кітап ашу, құран шығарту, бата оқыр, дем салу, үшкірту, аптау, ұшықтау, пірге кол тлпсыру, шаригат, ақтық, , будун, ұлық, ұлыс, жұрт, тәнрі, толағай, адақ, дарқан, бек, мешін, торқа—жібек, жарак,—қару, күсу—жеру, қунау—сергу, қырым—алыс, сауға—араша, кент— қала, жарлық—бұйрық, азар—өкпе, зейнет—рақат, түлен түртті — сор және т.б.