Ілгерідегі ғұламалардан қалған сөздер

Oinet.kz 20-10-2020 1015

image.png

"Кім бір нәрсені (мансап, атақ-даңқ, әйел, ақша, көлік, т.б) Алладан, яғни өзінің Жаратушысынан артық жақсы көретін болса, ол сонымен жазаланады.

Кім біреуден Алладан артық қорқатын болса, қорқып жүрген адамы оның үстінен билік жүргізіп, оны басқаратын болады.

Кім біреуге алданып, соның кесірінен Алладан алыстайтын болса, ол оған бақытсыздық болып тиеді.

Және кім бір нәрсені Алладан артық құрметтейтін болса, Алла оның берекесін қашырады. (Алланың мейірімі жаумайды)

Және кімде-кім басқа біреуді разы ету үшін Алланың ашуына ұшырайтын іс жасаса (яғни әлдекімді Алланың әмірі мен разылығынан жоғары қоятын болса), ол адам түптің түбінде өзі қалаған нәтижеге жете алмайды. Керісінше, бір күні аралары суиды.

▪ Әл Уабил әс-Сайиб, (14)

Ендеше, барлық істе Жаратушы Алланың әмірін, Алланың разылығын жоғарыға, бірінші орынға қойып үйренейік. Сонда ғана ісіміз нәтижелі, өміріміз берекелі болмақ!

Адам өзінің кемшіліктерін төрт түрлі жолмен түзей алады
Сізді Аллаға сүйікті ететін 10 әдеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу