Қар түскен тасжолда жалғыз қалған бала табылды

Oinet.kz 22-12-2020 827

Mazda көлігінің жүргізушісі шамамен Алматы облысы Жамбыл ауданында тасжолда тұрған белгісіз баланы тауып алды. Ер адам видео түсіріп, туыстары тануы үшін Желіге жүктеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бала жалғыз.png

- Жолда келе жатып, трассаның жағасынан бала тауып алам ғой. Папаң қайда? - Ана жақта. - Ана жақта ешкім жоқ қой. Қашарда ештеңе жоқ қой мынау. Кеш батып барады. Қасқыр жеп кетсе, қайтесің? Басыңды көтерші. Түріңді көрсетейік, папаң бар болса, танитын шығар, иә? Мына баланы тауып алдым. Жалғыз өзі трассаның жағасында жүр. Ел жоқ, жұрт жоқ. Ой, сұмдық-ай, мұндай да болады екен ғой. Мына баланы не істейін енді. Әкімдікке қарай ала кетейін бе? Не дегенмен сені ала кетейін, иә? - деді кадр сыртындағы ролик авторы.

Ер адам баланы танығандар болса, хабарласуын сұрады.

Кішкентай бала.png

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
«Сенаторлар зейнетақы жинағын алудан бас тартуды ұсынған жоқ» - Еділ Мамытбеков
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу