«Жіңішке жіпке де, пердеге де асылып өле салады»: Ұстаз жын кірген қыздың оқиғасымен бөлісті

Oinet.kz 13-09-2023 1920

Ұстаз Жарқын Мырзатай көпшілікті жын тиюден сақтануға шақырды. Ол желідегі оқырмандарға қандай жағдайларда жын кіруі мүмкін екендігімен бөліскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_20.jpg

"Мен бұрын жын тигендерді оқығанмын. Соның себептері қандай? Жындар адамдарды пайдаланады. Қай уақытта? Қатты қорыққан кезде, талып қалғанда, ән тыңдап тебіренген кезде, мас болған кезде. Бір қызды оқыдық. Ол туалетке музыка тыңдап бара жатқан. Қыз талып қалған. Құран оқып, дем салғаннан кейін жын өзі айтып береді ғой. "Сол кезде мен кіргенмін" дейді. "Енді неге шықпайсың?" десең "Мен бұны өлтіруім керек" дейді. "Машинаның астына секіртуім керек" деген тапсырмасы бар екен. Білесіздер ме? Көп адамдар жіңішке жіпке де, пердеге де асылып өле салады. Оның бәрін істетіп жатқан жындар", - дейді ол.

Өлген құрбысымен қоштасамын деп қайтыс болған
Дуана айтқан болжамдар күніне дейін тура келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу