«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Бұл оқиға 2018 жылы күз айында болған екен. Халық емшісі Қализа Құттыбаева жұма күні зират етуге Абат-Байтақ кесенесіне барады. Қасында көмекшісі Балзия Тоқжанова бастаған бір топ адамдар бар.
Халық құрметтеген қасиетті орын шамамен ХIV ғаcырдың аяғы мен ХV ғасыр басында бой көтеріпті. Кесене Қазақстанның киелі 100 нысандарының қатарына енген.
Ол Aқтөбe облысы, Қобда ауданы,Талдысай елді-мекенінен оңтүстікке қарай он екі шақырым қашықтықта Қобда өзеннің аңғарында орын тепкен қорымда тұр. Бұл сәулет ескерткіші қазақ халқының ойшылы Асан Қайғының жалғыз ұлы Абаттың құрметіне тұрғызылған екен. Ол мезгілсіз қаза тапқанда ел болып, бірлесе көтерген кесенеге «бaйтaқ» сөзі қосылып кетіпті. Сондықтан, кесененің бой көтеруі жүрегі кең халықтың арқасы дегенді білдірсе керек.
Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды.
Арнайы келген зират етушілер алдымен Абат-Байтаққа сосын, жанында жерленген ол кезде басына белгі қойылмаған тек көпшіліктің айтуымен, Әулие Қыздың жатқан жеріне барып әруаққа дұға бағыштайды.
Түстен кейін олар көліктерімен қалаға қайтып кетеді.
Дүйсенбі күні таңертең емші Қализа күз етігін таба алмай қалады.Түнде тұрған етік зым-зия жоқ. Шаруасына асығып келінінің аяқ киімін киіп сыртқа шығады. Кешкісін үйге оралса етік орнында тұр екен. Үйдегілер тауып алған ғой деп елемейді. Ертеңіне етігі тағы жоқ болып шығады. Үйдің бәрін ақтарып жоғын таба алмайды. Баласы мен келіні етікті қозғамағанын айтады. Ақыры емші базардан жаңа күз етік сатып алады. Кеш бата үйге келсе жоғалған заты түк болмағандай орнында тұр.Өз көзіне өзі сенбейді. Бірақ,бірдеңе болғанын іші сезеді.Сол түні түс көреді. Түсінде әруақтар аян береді. Былай дейді:
"Жұма күні Абат-Байтақ кесенесіне келіп Әулие Қызға арнайы дұға бағыштағанда туған анасы мені елеген жоқсыңдар. Ренжіп жаттым. Менің есімім-Рабиға. Әулие Қыздың аты Айша"-дейді. Және әруақ жатқан жерлеріне белгі қоюды сұрайды. Бұл түсін бірге барған адамдарға айтады. Олар бірігіп қаражат тауып анасы мен қызға арнайы құлыптас орнатады. Ас береді. Рухтар тынышталады. Етік енді жоғалмайтын болады.
Қазірде Қализа Құттыбаева әулиелердің басына көп барғысы келмейді.Өйткені,тылсым күшпен тілдесе білетін емші барған жерлерінен аманат арқалап қайтады.
Осы уақытқа дейін аянмен талай рет белгісіз әруақтар байланысқа шығып, олар аты-жөндері мен тірі кезінде кім болғандарын айтып бастарына белгі орнатуын сұрады. Ең ұзақ сергелдеңге түскен кезі Түркістан аймағында бір ғасыр бұрын қаза тапқан жеті қызды жерлеу болды. Бұл уақыт 17 жылға созылды.
(Мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса көмекшісі Балзия ханымға хабарласыңыз! Ұялы телефоны: 87053783600)
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН