Қайтыс болған құрбысы түнде үйге келіп жүр

Oinet.kz 31-01-2023 1311

Мектепті таяуда ғана бітірген Әсияның қуанышында шек жоқ. Жастайынан басынан басы артық құс ұшырмай өсірген әке-шешесі міндетті түрде оны армандаған Алматысына алып барары сөзсіз. Оның үстіне мектеп қабырғасында жүріп-ақ, халықаралық олимпиадаға қатысып, білім грантын да ұтып алған. Сондықтан да, артына қарайлайтын ештеңе де қалмады.

Screenshot_3.jpg

Тек қана ішінде бір өкініш бар. Егіз қозыдай бірге өскен құрбысы екеуі ары қарай да бірге оқуды армандайтын. Амал не, Гүлмира мектеп бітіру кешіне киетін көйлегін алуға қалаға бара жатқан жолда жол апатынан көз жұмды. Жас кетті. Бүгінде бір төбе топыраққа айналып қалған құрбысын қимай кетіп барады. Тірі қалғанында әлі талай күндерді, студенттік өмірдің бал шақтарын тура екеуі армандағандай етіп өткізер ме еді, кім білсін...

Алматыға барып, құжаттарын өткізгеннен соң, бірден жаңа достар тапты. Сабақ басталғанша ата-анасымен арман қаланы армансыз шарлады-ау. Кезінде әке-шешесін де табыстырған осы қала болатын. Сондықтан олар да сағынышқа айналған шаһарға жеткендеріне өте қуанышты.

Не керек, университет қабырғасын аттайтын да күн жақын қалды. Бірге оқитын балалармен әлдеқашан танысып алған. Тіптен, өз облысынан келген екі қызбен жатақханадағы бөлмені бірге алуды жоспарлап та қойыпты. Алайда, Әсияның әкесі оның жатақханада тұруына үзілді-кесілді қарсы болады. Ол жақта орын алатын түрлі оқиғалардан қорықты ма кім білсін, «ертең сабақ оқымай қояды, ұйқысы бұзыладыны» желеу етіп, ақыры онда тұруына жол берген жоқ. Есесіне, тура университеттің қасынан жатақханада тұрмайтын өзі секілді үш қызды тауып, пәтер жалдап берді. Үйіне орналастырғаннан соң, ата-анасы ауылдарына қарай бет алды. Осылайша, керемет күндер басталып та кетті. Мамандығы да өзіне ұнайды, достары да басым көпшілігі өзі секілді ауылдан келген қарапайым балалар.

Арада екі апта уақыт өткеннен соң, таңертең сабаққа шығарда сыртқы есіктің ашық қалып жүргенін байқады. Кішкентай қыздар ғой, аңғал шеттерінен. Мүмкін, құлыптап жатуды ұмытып кеткен болар. Оның үстіне ауылда есікті құлыптап үйренбеген. Алайда, осы үрдіс осымен бесінші рет қайталанды. Осыдан соң, бірге тұратын үш қыз түнде жатарда міндетті түрде есікті қадағалайтын болды. Қорқыныштары сейілді. Шынымен де қадағаламай жүр екен, таңертең есік құлып тұратын болды. Араға тағы екі апта уақыт салып, есіктері тағы ашық қалатын болып жүр. Түнде мықтап қадағалап тұрып, жауып жататын еді, неге олай екендігін түсіне алмай дал. Енді тіптен қорқатын болды. Себебі, жатардан бұрын үшеуі бірінен соң бірі есіктің ауызын күзетеді. Ешкім байқалмайды. Подъезд тып-тыныш. Қарама-қарсы есікте де өздері секілді студент қыздар тұратын. Олардан сұрап көріп еді, оларда бұл қорқыныштың жоқ екендігі мәлім болды. Ал бұлар, есікті кімнің ашатынын түсіне алмай естері шықты.

Соңғы уақыттары Әсия өзінің достарына қаза болған құрбысын жиі айтатын. Екеуінің достығын жыр ететін. Тіптен сағынып, оңашада жылап та алатын. Үнемі жарқылдап жүрген сәтінде құдды қасында жүргендей, ана өмірге аттанып кеткеніне сенгісі келмейтін. Тура бүгін, ертең келіп қалардай күтетін. Тіптен, соңғы уақыттарда түсіне жиі енетін болып жүр. Ауылда үйіне келіп есігін қағып тұрғанын түсінде көретін болды. Түсінде құлағына өздігінен есіктің қоңырауы естіледі де, орынынан тұрып, есікті ашып Гүлмираны үйге кіргізеді. Ал Әсия болса, шала ұйқы қалыппен тұрғанын, барып есікті ашқанын білмейтін де...

Күндердің күні, пәтерде бірге тұратын Майра түннің бір уақытында қыбырлаған дауыстан шошып оянды. Атып тұрса, Әсия орынында жоқ. Ал ол болса есіктің ауызында отыр екен. Киініп алыпты, үйдің есігі айқара ашық жатыр. Гүлмираны күтіп отырғанын, екеуі қыдыратынын айтып күбірлей береді.

Дереккөз: el24kz

Әкім жас мамандардың жатын орнына бөлінген ақшаға ұлын үйлендіргіп жапа шекті
Қандай адамдар түнде жын-шайтанды жиі көреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу