Ашық сабақ. Музыка. Қазақтың ұлттық аспаптары
«Қазақтың ұлттық саз аспаптары»
(Сыныптан тыс жұмыс)
Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна
Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,
Саға негізгі мектебі, Музыка
пәні мұғалімі
Мақсаты: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халық аспаптары жайында мәлімет беру;
Көрнекілігі: Қазақ ұлттық аспаптардың тарихына арналған газет, ұлттық аспаптар, слайд.
Мынау саз—щыққан үндей шыңыраудан
Біреуге мұң батқандай ыңыранған
Қамыққан, жабырқаған қам көңілді
Бір үміт шақырғандай күліп алдан.
Өзінің сылқым сазды тынысында,
Сиқыр бар сыңғырындай күміс сырға.
Әлде бұл айдын көлде шерулеткен
Ерке аққу қанатының сусылы ма?
Бүгінгі болатын «Қазақтың ұлттық саз аспаптары» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Ұлттық саз аспаптарымызды есімізге түсіру үшін слайдқа назар аударайық.
Бүгінгі сайысқа 6-7-сынып оқушылары қатысады.
Домбырам жүрегіммен үндес едің,
Сеніменен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім.
Бұл ішектің бірін тартып, бірін сәл-пәл кем бұра,
Қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра! --деп «Домбыра» тобын ортаға шақырамыз!
Япырау, қобыз үні нәзік қандай,
Сұлудың назы ма әлде жазық маңдай?
Әйтпесе ғазиз ана әлдиі ме,
Тыңдайсың құдіретіне қағып таңдай;- дей келе «Қобыз» тобын ортаға шақырамыз!
Ендеше сайыс қатысушыларымен таныс болсаңдар, сайыс шарттарымен таныстырып кетейін.
Бүгінгі сайыстың шарттары:
1. «Таныстыру»
2. «Сұрақ жауап»
3. «Үйге тапсырма»
4. «Тапқыр болсаң тауып көр»
5. «Шынжыр өлең»
Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ қазылармен таныстырып өтейін:
Ал, қатысушылар дайын болсаңдар сайысымызды бастайық.
1. Таныстыру: Бұнда әр топ өзін таныстырып өтуі тиіс!
2. Сұрақ жауап: (ортадағы қағаздардан кезек- кезек алып сұрақтарға жауап береді)
«Атамекен» әнін орындап берің;
Оркестрді кім басқарады? (Дирижер)
Домбыраның құрылымын ата: Басы, құлағы, пернелері, мойны, ішек, тиек, шайтан тиек, шанағы, беті, түймесі.
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
Қазақ драма театры жанынан музыкалық студия қай жылы ашылды? (1933ж)
Домбыра аспабында куй шертетін адамды кім деп атайды? (Күйші)
Мемлекеттік ұлттық театрдың шымылдығы алғаш рет қай жылы ашылды? (1926ж)
Дауылпаз, дабыл қандай аспаптар тобына кіреді? (Ұрмалы аспаптар тобына)
3.Үйге тапсырма. Домбыра және қобыздың суреттерін салып келу
4.Тапқыр болсаң тауып көр. Қазір шертілген әуен қай олеңнің әуені екенін тауып 1 шумақ айтып беру.(Тапқан соң әнді бәрі бірге шырқайды)
1. «Анаға сәлем!»
2. «Арыс жағасында»
3. «Алатау»
4. «Сарыжайлауым»
5. «Әке туралы жыр»
6. «Қазақ осы»
5..Шынжыр өлең: Бір топ бір шумақ өлең оқиды, оқып болған сәтте 2-топ шумақтың соңғы сөзінің соңғы әрібінен басталатын өлең шумағын айтып жалғастырып кетуі керек. Табалмай іркіліп қалған топ жеңілген болып саналады.
6. Қазақтың ұлттық саз аспаптарын ата.
7. Қорытынды.
8. Марапаттау!