Ашық сабақ. Музыка. Қазақстандағы топырақ типтері

Oinet.kz 25-05-2020 840

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ типтері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстандағы топырақ типтері, топырақ эрозиясы оны қалай қорғау туралы жалпы түсінік беру
2. Оқушылардың электрондық оқулық пен картаны пайдалану арқылы, олардың ой өрісін, зейінін, дағдысы мен іскерлігін пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілкке, әдемілікке, экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілікке баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау
Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Электронды оқулықты пайдалану арқылы модульдік оқытудың «Бақытты сәт» кезеңі бойынша іздену сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, экология

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, Қазақстанның
физикалық картасы, сызба кестелер мен плакаттар.

Қазақстанның топырағы

Модуль құрылымы Сағат саны Модульдің мазмұны Уақыт мөлшері Ескертпе
Кіріспе 1- сабақ 1. Модульге кіру.
2. Қазақстанның топырағы 5 мин
35 мин Әңгіме, сұхбат
Негізгі бөлім 2 - сабақ Қазақстандағы топырақ типтері 40 мин Ойын
«Бақытты сәт»
Қорытынды бөлім 3 - сабақ № 6 – сарамандық жұмыс. Қазақстанның топырақ түрлерін картаға түсіру,Топырақ түрлерін салыстыру 40 минут Сарамандық жұмыс

І Ұйымдастыру кезеңі
а . Оқушыларды түгендеу
ә. Үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

І Гейм. «Бой сергіту». ( Ауызша сұраққа жауап алу)

1. Алғашқы жұқа топырақ қабаты осыдан неше жыл бұрын қай кезеңде пайда болған ? ( 500 млн. жыл бұрын кембрии дәуірінде)
2. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалым кім? (В. В. Докучаев)
3. Докучаев - топырақтың табиғи дене екенін қай қай ғасырдың, қай жылдарында анықтады? (ХІХ ғасырдың 80 жылдарында)
4. Топырақты құрушы факторларға нелер жатады? ( су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар, климат)
5. Топырақтың негізгі қасиеті не? (Құнарлыы)
6. Топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап, өзгертіп өңдеп шығаратын не? (Шұбалшындар)
7. Қандай топырақтар біріккіш келеді? ( Саз бен шірінді)
8. Ал қай топырақтың бірігуі нашар? ( құмды, құмдауытты, саздауытты)
9. Құрылмды топырақ қандай топырақ ? (Құрылымы кесек – түйіршіктерінің көлемі 10 мм)
10. Құрылымы жоқ қандай топырақ? Түйіршіктері ұсақ)

ІІ Гейм. «Алтын қоржын» (Үлестірме қима қағаз)

а. 1. Материктер мен мұхиттар географиясында қандай топырақ түрлерімен таныстың?
2. Дүниежүзі топырақтары неге әр түрлі ? себебін түсіндір.

ІІІ Гейм. « Мені түсін » . (1, 2 оқушыдан әңгімесін сұрау)

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІҮ жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
( жаңа сабақты плакат боынша өткен тақырыппен байланыстыру)



ІҮ Гейм. « Әудем жер ». Топырақ картасын ашып топырақ туралы тыңдату ( Анимацияның ішінде)
1. Қара топырақты зона
2. Қызыл ( күрең) топырақты зона
3. Қара қоңыр (сұр) топырақты зона

Электронды оқулықтан әр топқа тапсырма беру

І топ ІІ топ ІІІ топ

1. Электронды оқулықтан қара топырақты зона туралы оқып түсінігін айтып беру
2. Қара топырақты аймақты картадан табу
1. Электронды оқулықтан қызыл (күрең топырақ) зонасы туралы оқып түсінігін айтып беру.
2. Аталған обьектілерді картадан табу 1. Қоңыр топырақты (Сұр) зонаны оқып түсінігін айту.
2. Қазақстанның картасына қарап Бетпақдала, Талдықорған Балқаш маңы топырақтары қай зонаға жататынын анықтау


Ү Геим. « Беласар». Топырақ эрозиясы жайлы кесте бойынша түсінік беру. ( Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттағы апаттардың бірін топырақ эрозиясы деп атаймыз)

І Топырақ эрозиясының түрлері

ІІ. Деңгейлік тапсырма (дәптерге орындау)
І деңгей: 1. Жел эрозиясы мен су эрозиясын салыстыру
(ВЕНН диограммасы бойынша)

2. Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарының топырағы
а. қара топрақ ә. құмды және құмдауытты
б. сұр в. орманды далалық
3. Топырақтың құнарлы қабатының жойылуы неден?
а. топырақ эрозиясы ә. топырақты қорғау
б. құм тоқтату в. қара шірікті қабат
ІІ деңгей. 1.. Эрозиядан сақтану жолдарын атаңдар
2. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды
дала зонасының топырағы
а. сұр топырақ ә. қара топырақ
б. тақыр в. сортаң топырақ
3. Топырақтың құнарлы қабаты деп нені атайды?
а. сазды қабат ә.қарашірікті қабат
б. ауыспалы қабат в. құмды қабат

ІІІ деңгей. 1. Қазақстанның физикалық және топырақ картасын салыстыра отырып, топырақ зонасының солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруіне сипаттама беріңдер
2. Топырақ зоналары мен климаттық жағдайлардың арасындағы байланысты мысалдар келтіріп түсіндіріңдер
3. Топырақтың таралуына өсімдік жамылғысының әсері бар ма?
4. Не себепті топырақтың антропогендік эрозиясы болады?
Ү Сабақты бекіту:
а. Электорнды оқулықтағы Анимациядан үгілу туралы тыңдату.
ә. Бейнефильмнен «Шарын» шатқалын көрсету
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма. § 36 оқу.

Ашық сабақ. Музыка. Қазақтың ұлттық аспаптары
Ашық сабақ. Музыка. Қысқа қағыспа айтыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу