Ашық сабақ. Музыка. Мақтаншақ жігіт. «Шалғындағы бақбақ» әні
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№1 ЖОББМ.КММ
Музыка пәні мұғалімі:
Еримбетова Жазира Айтбаевна
3 сынып
Тақырыбы: Күй тартыстағы әзіл-ойын.
Мақтаншақ жігіт.
«Шалғындағы бақбақ»әні.
Мақсаты:
Оқушыларға күй тартыстағы әзіл-ойын туралы мағұлмат беру. Мақтаншақ жігіт туралы айтып өту. «Шалғандағы бақ-бақ» әнінің әуенің дұрыс үйрету, композиторлар туралы айтып өту.
Эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру, күй тыңдату арқылы ұлттық тәрбие беру.
Ой –өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту. Есту,көру арқылы тілін дамыту.
Көрнекілігі: үнтаспа,домбыра аспабы,оқулық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру. Талдау,тыңдау, жаттықтыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,ана тілі,дүниетану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен музыка тілімен амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Сәлеметсіз бе,ұстазым.
2. Сабаққа даярлау:
Музыка сабағына қатысты құрал-жабдықтарымызды алып түгендеп,тынышталып отырамыз.
3 Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- Кім айтып жібереді екен?
-Дұрыс отыра ғой.
Ал енді жаңа сабағымызды бастайық.
- Балалар «әзіл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- « Әзіл»деп бір-бірімен қатар жасты адамдар бірімен бірі әзілдеседі,ойнайды. Сонда әзілдеп тілімен ғана емес,күй тартыста да әзіл ойын болады екен.
- Сонымен кім-көрінген адаммен әзілдесіп ойнауға болама екен?
- Жоқ, әркім өзінің қатар құрбы-құрдастарымен әзілдеседі екен.
- Қазақта « Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген мақал бар,бұл жерде үлкенмен де,кішімен де әзілдесуге болады.бірақ, жарасымды,сыпайы түрде әзілдесу керек.
- Сонымен, әзіл ойын күй тартысында да болады. Қазақта неше түрлі күйшілер өткен,сол кісілердің әр түрлі әзіл күйлер шығарған. Солардың бірімен біз бүгін танысып,тыңдаймыз. Мәтін « Мақтаншақ жігіт» деп аталады. Бұл күйдегі тартыс тобы төрт күйден тұратын өз алдына бір бөлек тақырыбы бар күйлер. Күй тартысқа қатысушылар-Құлшар атты күйші, қыз және қыздың шешесі. Біз бүгін « Мақтаншақ жігіт» мәтініне тоқталамыз.
- Балалар, мақтаншақ деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- « Мақтаншақ» жақсы қасиет пе?
- Ондай адамдар қандай болады?
- Ал, енді осы мәтінді оқимыз.
- Өткен заманда Құлшар деген домбырашы жігіт мал қарап жүріп, бір ауылға барады. Ауыл шетіндегі бір үйге кіріп келсе, үйде бойжеткен қыз кесте тігіп отыр екен. Қызбен амандасып, төрге шығып отырғаннан кейін
Құлшар: - мен мал іздеп жүр едім, шөлдеген соң шай ішкім келді,қарындасым-депті.
Сонда бойжеткен:
-Ей жігіт,егер өнерлі ауылдың жігіті болсаң,өнеріңді көрсет содан соң белгілі болады»-дейді әзілдеп.
Мұны естіген Құлшар:
-Жақсы, олай болса жаныңда тұрған домбыраны алып бере ғой мен саған бір күй тартып берейін,-дейді бойжеткенге.
Қыз домбыраны ұсынады. Құлшар домбыраны қолына алып:
-Елде жүргенімде домбыра тартсам болды,қыздар айналамды қоршап,орталарынан шығармай мазамды кетіретін еді. Соларға « Қыз қамаған» деген күй арнап едім, сен жалғыз болсаңда сол күйімді тартайын,-деп « Қыз қамаған» күйін тартады.
-Ал енді біз қазір сол күйді үнтаспадан тыңдаймыз. Бәріміз тыныш отырып,музыка тыңдау ережесін сақтап, күйде не бейнеленген,не туралы екенін күйді тыңдап болған соң айтасыңдар.
Күй тыңдау:
- Ал енді тыңдадық, күйде не туралы бейнеленген?
- Көз алдарыңа нені елестете алдыңдар?
- Неліктен « Қыз қамаған» деп аталған?
- Сонымен балалар,қандай күй тыңдадық бүгін. Неше бөлімнен тұрады екен?
Балалар, бүгін біз жаңа ін үйренеміз. « Шалғындағы бақ-бақ»
Кіріспе әңгіме:
Балалар ән көктем туралы,табиғат жайында болмақ.
- Бақабақ деген қандай өсімдік білесіңдер ме?
- Ол қандай жерлерде өседі
- Оның басқа өсмдіктерден айырмашылығы қандай?
Бақбақ өсімдігі батпақты жерлерде өседі. Оны үрлегенде жан-жаққа ұшып кетеді.
Шалғындағы бақбақ
Бойын күтіп баптап,
Өзін-өзі сақтап.
Апта бойы сәнденді,
Тап-түйнақтай бақбақ.
Кенет жел кеп тап-тап,
Күлді оған сақ-сақ.
Шашың кетті желге ұшып,
Тақыр басың бақ-бақ.
Қайырмасы:
Қап-қап, мегім!
Сені мақтап,біз айтамыз тақпақ.
Шашым жоқ деп ұялма,
Өсе бер сен бақ-бақ.
« Шалғындағы бақ-бақ » әнін үнтаспадан тыңдау.
- Әнді тыныш отырып тыңдаймыз. Әнде не туралы екенін айтамыз,әуені қандай?
Әнді талдау.
Балаларға түсініксіз сөздерді түсіндіріп кету,әннің мәтініне көңіл бөліп,әрбір жолға тоқталып талдап кету.
Әнді балаларға үйрету.
Әнді үйретпес бұрын,ән үйрету ережесін есте сақтау керектігін оқушыларға айту.
- Ән айтқанда денені еркін, тұзу ұстап, кеудені алға ұстаған жөн.
- Ауызды бірқалыпты ашып, дауысты а,о,у,ы дыбыстарын анық айтуға дағдылау.
- Әнді хормен орындағанда жасқанбай,қатты айқайламай хор басқарушының қолына қарап, әнді бар ықыласымен орындауға көңіл бөл.
Әнді балаларға бір екі рет толық айтқызу.
Қорытындылау:
- Балалар, біз бүгін қандай ән үйрендік?
- Әнде не туралы айтылады?
- Қандай күй тыңдадық?
- Мақтаншақ жігіттің мінезі қандай?
- Мақтаншақ деген жақсы мінез бе?
Үй тапсырмасы: « Шалғындағы бақбақ» әнін жаттап келу.
Бағалау: Мақтау,мадақтау.