Ашық сабақ. Музыка. Ықылас Дүкенұлы

Oinet.kz 25-05-2020 1137

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№1 ЖОББМ.КММ

Музыка пәні мұғалімі:

Еримбетова Жазира Айтбаевна

4 сынып

 

Сабақтың  тақырыбы:  Ықылас  Дүкенұлы

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға  күйші Ықылас  Дүкенұлының өмірінен  баяндау,халқымыздың  мұрасы  қобызды  ұрпақтан –ұрпаққа жеткізуші  күйші  екенін  айту. Күйшілік  өнердің даму ерекшеліктері  жайында оқушыларға  білім беру.

Оқушылардың музыка  тыңдаудағы әсерлену, ырғақтық, динамикалық  есту  қабілеттерін дамыту.Оларды  өнерді қадірлей  білуге, қазақтың  күйшілік өнерін құрметтеуге, сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен  жұмыс  жасау.

Пәнаралық  байланыс: Әдебиеттік  оқу, өнер, бейнелеу өнері.

Сабақтың  көрнекілігі: Ықылас  Дүкенұлының  портреті,суреттер, интерактивті  тақта,үнтаспа.

Сабақтың  түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың барысы.

 Ұйымдастыру  кезеңі:

-оқушылардың зейінін сабаққа аудару,

-олардың оқу-құралдарын тексеру.

Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақ: :  Ықылас  Дүкенұлы

        Ықылас  Дүкенұлына  атадан  қалған  мұра қарақобыз  еді! Оның  әулеті  жеті  атасынан  қолдарынан  қобыз  тастамай, бақсылық  құрып,өз  өнерлерін  ұрпақтан –ұрпаққа. Атадан  балаға  жалғастырған  өнерлі жандар  болған.

        Дүкенұлы  Ықыластың  туып өскен жері  Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы. Қобызшының  әкесі Дүкен де,оның әкесі Алтын да қобызшы адамдар болған.Ықылас  7-8 жасынан  бастап әкесінен  қобыз үйренеді. 15  жасынан елге  таныла  бастайды. Ықылас  атақты Жанақ пен Шөже ақыннан бата алған. Ықыластың ұлы Түсіпбекте қобызшы  болған.қобызшы  атамыздың күйлері: «Айрауық». «Асан  қайғы». « Жез  киік», «Қазан», «Шақыру»,т.б  күйлері болған.

Күй  тыңдау: « Жез киік»

      Жайлаудың қызық  күндері  басталған  шақта  дәулескер  күйші  Сайдалы     Сары  Тоқаның үйінде Арқаға даңқы  жайылған  қобызшы, күйші-домбырашылар – Ықылас,Дайрабай, Қыздарбек  бас қосады.

      Олар  әсем күйлер  тартып,сырлы  сұхбат  құрып  отырғанда ауыл  іргесіндегі жоннан асып,теңелген алтындай  болып  қалың киік  көрінеді. Ғажап  көрініс әркімді-ақ  қайран  қалдырады. Сонда  Тоқа: « Мынау бір көз алдыңнан  кетпесе деп тілейтін  сұлу сурет екен. Шынымен сұлулықты дыбыс етіп саусақтарыңа  ілгендерің рас болса, осы  суретті күй етіп  көріңдерші!»- дейді. Бұл  өтінішке алдымен Ықылас  қобызына  қол  созып,әлгі бір сұлу  суреттен бірде кем  емес сырлы  сазды  құйқылжыта  төгеді.

        Күйде  бітеді,сонда Дайрабай: «Апыр-ай, Ықылас –ай,адам жанын айтқызбай түсінетін жампоз екенсің ғой! Тусаң ту! Әлгі  сырлы сазың қырдың  қызыл киігін қиялдағы  жез киікке айналдырып жіберді-ау!»- деген екен.

        Сол  жерде « Жез киік» деген атпен тұсауы  кесілген күй кешікпей-ақ байтақ  қазақ даласына  тарайды.

       Балалар, енднше  осы күйді үнтаспадан  тындап көрелік.

Музыкалық сауаттылық: Қобыздың түрлері.

   Қобыз  аспабының 3 түрі  бар. Олар: қылқобыз,нарқобыз, желқобыз. Қылқобыз –екі ішекті аспап. Шегі жылқы қылынан жасалады. Нарқобыз –екі  ішекті аспап. Бұл басқа қобыз аспаптарына  қарағанда көлемі жағынан үлкен. Желқобызда екі  ішекті аспап,ішегі сымнан жасалады.

                     Нарқобыз                                              Қылқобыз

 

Сабақты  бекітуге  қойылатын  сұрақтар:

Ықылас  Дүкенұлы кім?   Күй  дегеніміз не?

« Жез киік» күйінен алған әсерлерің қандай?

Қобыздың  түрлерін кім  атап береді?

Қандай  күйлерін атап өттік?

Үйге  тапсырма  беру: Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығын оқып келу. Қобыз  түрлерін оқу.

Ашық сабақ. Музыка. Күй тартыстағы әзіл-ойын.
Ашық сабақ. Музыка. Мақтаншақ жігіт. «Шалғындағы бақбақ» әні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу