Жүректен-жүрекке жеткен тебіреніс
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында халқымызға өзінің шынайы ашық ықыласын ризашылығын жолдап, елді бірліккке шақырды.
Елбасы Ата Заңымызды негізге ала отырып, мақалада алты рет ұлы Абайдан бастап билер мен батырымыз Б.Момышұлының, әлемдік деңгейдегі ұлы гуманист ойшылдардың қанатты сөздерін тілге тиек етеді, дана қағидаттардың өміршеңдігін тағы да дәлелденгенін елге жеткізеді. Мақалада хақымыздың қанында бар төзімділікті, намысшыл рухты,бауырмалшылықты берік ұстап ары қарай індетті бірге жеңуге шақырады.Бұл тұста ауызбіршілік десек ұлттық дәстүрді де айналып кете алмаймыз. Бізге бұл тұста көмекке келетін біздің қанымыздағы асыл қасиеттеріміз ұлтық құндылықтарымыз.Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы үндесуіне үлкен мән береді. Халықтың қажыр,қуатына үлкен үміт артады. Адамның өзіне деген сенімі-үлкен күш деп барша жұршылыққа лебізін жүрегімен жеткізді.
Әрбір азамат бұл мақаланы бүкіл болмысымен өн бойынан призма арқылы өткізуде. Індеттің өршіп кетпеуіне барлық қазақстандықтар жауапкершілікпен қарауда.Мемлекеттен беріліп жатқан көмекті қоспағанда,көптеген кәсіпкерлер жәрдем қолдарын созуда.Тым болмағанда әрбір азамат сақтық шараларын сақтауда, заңның үстемдігін мойындауда.
2018 жылдың маусымының аяғында Қытайда ШЫҰ саяси партиялардың форумы өткен болатын. «Nur Otan»партиясынан қазақстаннан он партия мүшесі қатысты. Сол форумға мен де қатыстым. Форумнан кейін Қытайдың бірнеше қаласына экскурсияға бардық.Соның ішінде Хувэй провинциясы, Ухань каласы да болды. Ухань қаласында медициналық жабдықтар шығаратын заводта болдық.Алғашқы індет Ухань қаласынан шықты дегенде қанша дегенмен бір күн болса да суын іштік,дәмін таттық көз алдыма жүрген жерлеріміз елестеді. Аядым, жұмыр басты пенденің саулығын тіледім,бірақ көп ұзамай өзімізге де жетті.
Тәуелсіздік алғалы бері жүйелі реформалардың арқасында ел экономикасы артып,еліміз әлемге танылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2008 жылдардағы Бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс тұсында дағдарыстың кілтін тапты. «Жол картасының» іске асуының нәтижесінде халық жұмыспен қамтылып,елде жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа серпін пайда болып, ел жауыннан кейінгі бәйшешектей құлпырған болатын.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы сақтық шараларын, дағдарысқа қарсы шаралар шешімін қабылдады орындалып та жатыр.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевбиылғы қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бәрімізге ортақ міндет деп азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін осы арнаға қолдану керектігін нақтылады, халықпен кері байланыс орнатудың тиімді жолдарын айқындаған болатын. Негізінде дәл қазіргі таңда індетке қарсы сақтық шараларын орындау кезінде халықпен кері байланыс тығыз орнағанына көзіміз әбден жетіп отыр.Халықтың бауырмалдығы артты,жанашыр сезімдері нығайды.
Халықтың негізгі тобы қашықтықтан жұмыс жасауға үйренді. Енді елдің тәуелсіздігі мәңгілік үшін,жұрттық амандығы үшін тек әрбіріміздің жеке дара жауапкершілігіміз сыналатын сәт туды. Кажет десеңіз қазақстандық өнімнің қажет екенін кәсіпкерлер ғана емес барлық халық мойындады.Бұл уақытша кідіріс қана.Оқшаулау мерзімі біте салысымен тек жеңіл өнеркәсіп саласының өзінде ғана ерекше серпіліс пайда болатынына өз басым сенемін.Бұл сынақ уақытында ненің бірінші кезек қажет екені анықтады,сұраныстың бағыты белгілі болды.Елбасы мақаласы алаңдаған жұртшылық арасында құлақтан-құлаққа ғана емес, жүректен-жүрекке жеткен тебіреніс тудырып,тебіреніс ұлттық рухқа күш беріп,болашаққа сенім тудырды.
Елбасы мақаласы мемлекеттің қауіпсіздігін, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы халықты бірлікке шақыруы-жүректен жүрекке жеткен тебіреніс үндеуі.
Бәріміз бірігіп Елбасы айтқандай Қазақстанды«Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз.Күшіміз бірлікте.
Жантөреева Калыйма |
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары