Қытайда вирустың екінші толқыны қайталануы мүмкін бе?
Қытайда осымен екінші күн қатарынан шетелден вирус жұқтырып келушілерге қатысты 100-ге жуық дерек анықталды, деп жазды "Хабар 24".
Мәселен, соңғы тәулікте ел бойынша инфекцияға шалдығудың 108 жаңа дерегі тіркелсе, соның 98-і – сырттан келген адамдар. Жалпы осы уақытқа дейін елге кіргізілген 1400-ге жуық адамнан вирус табылған. Және бүгінге дейін солардың 500-ден астамы ауруханадан шығарылды.
Бұл сырттан вирус жұқтырып келгендерден төнген қауіптің жоғарылайтынын көрсетеді. Әсіресе, кіруге рұқсат етілген қалаларда. Сондықтан жергілікті билік өкілдері бұған барынша дайын болулары қажет, - деді ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Ми Фэн.