"Күйеуі басынан ұрып-ұрып ауыш қылған": Оңтүстік Кореяда есінен ауысқан қазақстандық қыз т

Oinet.kz 13-04-2020 3146

Оңтүстік Кореяда есін жоғалтқан қазақстандық бойжеткен Гүлмира Сафидинаға қатысты тың деректер белгілі болды. Сіңлісінің айтуы бойынша оның мұндай шарасыз күйге күйеуі себепші болған көрінеді. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өз инста-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен апта әлеуметтік желіде Инчхон әуежайындағы қазақстандық Гүлмира Сафидина жайлы ақпар тараған еді.  22 жасар қыз есін жоғалтқан, сөйлемейді. Өзінің кім екенін, қайдан келгенін, қайда бара жатқанын ұмытқан. Түр-әлпеті дұрыс, киімі таза, қолында паспорты бары ғана белгілі. 

Facebook қолданушысы Елена Просянникова қыз туралы жазған постынан кейін "таныстары табылып, қызды алып кетті" деген хабармен табылмапты деген әңгімеге қатар өрбіген еді. 

Осы мәселенінің жай-жапсырын білу үшін журналист Гүлмира Әбіқай ҚР СІМ баспасөз хатшысына хабарласып, анықтап білгенгенімен желіде бөлісті. 

"Жадын жоғалтқан Гүлмираны ешкім іздеп келмеді. Шымкенттегі анасы, әкесіне хабар берілді. Әуежайдан елшілік қызметкерлері алып кетті мотельге орналастырды. Қазір карантин, барлық әуе бағыты жабық. Дипломаттар Гүлмираны қалай, қашан елге аттандырамыз деп бас қатыруда", - деп жауап берген министрліктегілер. Ал келесі күні Гүлмираның құрбысы оқиғаға қатысты өз белгенімен бөліскен. 

"Таң атпай Шымкенттен Маржан қоңырау шалды. Гүлмираның құрбысымын деген қыз "Алло" дегеннен жамандай бастады... Әңгіме соңы "күйеуі басынан ұрып-ұрып ауыш қылып қойған, әпше" дегенмен аяқталды", - деп мәлімдеген. 

Сол күні Гүлмираның анасы: 

"Қызым әбден қиналып кетті. Азаматтық некедегі диджей күйеуі бар. Пәтер ақысы, несие, қарыз. Қызы қырқынан шығар-шықпас маған тастады да жұмыс іздеп Кореяға кетті. Алты айлық қызын бағып отырмын. Есін жоғалтуы жайлы өзім жақында естідім. Тезірек келуін тілеймін! Оны Кореяға
Вика алып кетті
", - дейді Гүлмираның анасы. 

"Вика - шын аты Айнұр. Кореяда жұмыс істеп, сол жақта күйеуге тиген. Ауылдың жұмыссыз қиналған қыздарын жұмысқа шақырады. Менің 3 сұрағымды жауапсыз қалдырды", - деп жазды постында Вика туралы Гүлмира Әбіқай.

"Инчхондағы бірге тұратын қыздар "Гүлмира жақсы қыз, ешқандай жаман әдеті, жеңіл жүрісі жоқ. Кафеде ыдыс жуады" деп қысқа қайырды", - деген журналист Сафидинаның тоқтаған мотеліне де хабарласып ондағы ахуалды сұрауды да ұмытпаған. 

"Мотель қызметкері: қазір Гүлмира мотельде жалғыз. Ішіп-жемі елшілік мойнында. Қолында мамық қонжық бар. Сөйлемейді, еш мәлімет айтпайды. Тек қонжығын кеудесіне басып жылай береді, жылай береді", - дейді журналист. 

Гүлмира Әбіқай "бұл оқиғада көп нәрсені олар менен, мен сіздерден жасырып қалдым, аттасымның тезірек отбасына қауышуына тілектеспін" деп сөз соңында өз ойын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, Facebook қолданушысы Елена Просянникова қыз туралы пост жазып, ол өзінің есімін ұмытқандығы жайлы және оның Оңтүстік Кореяда не істеп жүргенін білмейтінін айтқан еді. 

Қытайда вирустың екінші толқыны қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус: Елімізде тағы 1 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу