Ашық сабақ: Жай бөлшекті натурал санға көбейту

Oinet.kz 28-09-2020 1304

Пәні: Математика

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшекті натурал санға көбейту  

Мақсаты:Натурал санды жай бөлшекке  өз беттерінше көбейте алу

Міндеттері: 1. Білімділік: Көбейткіштердің біреуі натурал сан болған жағдайда оқушылардың натурал сан мен жай бөлшекті көбейте білуі

2.Дамытушылық: Көбейтудің терімділік, ауыстырымдылық, үлестірімділік қасиеттерін пайдалана отырып көбейтуді орындау

3.Тәрбиелік: Еңбекке, оқу еңбегіне тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, ребустар, таратпа материалдар

Жабдығы: Интерактивті тақта,А3 кағаздар, маркер, түрлі түсті бор, оқулық

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Типі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланысы: Информатика, жаратылыстану, қазақ тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс

Барысы:  I.Ұйымдастыру бөлімі

М:Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ, барлығымыз  белсенділік танытып, атсалысып қатысуға  дайынбыз ба?

О:

Интерактивті тақтадан үлкен зәулім қала,  биік биік ғимараттар, көше бойында әсем үйлер көрсетіледі.

М: Ендеше, баріміз,  көзімізді жұмайық. Бәріміз көзімізді жұмып елестетейік, үлкен зәулім қала,  биік биік ғимараттар, көше бойында әсем үйлер. Алдымыздан үлкен көрікті бір мейрамхана кезікті. (Оқушылар көздерін ашады).

Оқушылар көзін ашса, мейрамханада  тәтті таратып жатыр екен. Оқушылар тәттілерді алу арқылы  тәттілердің түсі бойынша топқа бөлінеді. (қызыл, көк, сары) Оқушылар топқа бөлініп партаға отырады.

Оқушылар, сіздерді бүгінгі мейрамханамәзірімен таныстырып өтейін:

I.                  Әр түрлі дәмдегі «Ребус» сусыны

II.               «Білім маржаны» салаты

III.           Ыстық тамақ:

1 түрі: «Күн сәулесі»

2 түрі «Деңгейлік тапсырмалар»

а) «А»

ә) «В» «Сөз есеп»

б) «С»

IV.           Дессертке 1. «Сергіту» дәмді торты

                  2. «Тест жұмысы» бәліші

                  3. «Home work» сусыны

                  4. «Бағалау» тәтті тоқаштары

Оқушыларды  мейрамхана мәзірімен таныстырып болған соң, әр топқа ребус  беріледі.

image.png

 image.png

Ребустың шешімдерін таба отырып, оқушылар өткен тақырыптарды қорытындылайды.

1-    Топ Ребус шешімі( Косу)

2-    Топ Ребус шешімі (Азайту)

3-    Топ ребус шешімі(Көбейту)

Ребустың шешімдерін  таба отырып,  жай бөлшектерге  қолданатын амалдардың орындалу алгоритімін  тұжырымдап береді.

V.               «Білім маржаны» салаты

Оқушылар, біз өткен сабақта  жай бөлшектерді көбейтуді үйрендік. Енді натурал санды бөлшекке көбейту тақырыбын  өтеміз. Егер, бөлшектердің құрамында натурал сан болса,  оны бөлімі1-ге тең бөлшек түрінде жазу керек.

image.png

Ереже: Бөлшекті натурал санға көбейту үшін,  бөлшектін алымын натурал санға көбейтіп, алым етіп,  бөлімін солкүйінде жазамыз. 

image.png

2. Деңгейлік тапсырмалар

image.png

 Осы тік төртбұрыштың ауданын табыңыз.

image.png

image.png

IV. Сергіту сәті.             

 image.png

   3. «Home work» сусыны

№ 754(Сөз есеп) №756 Көбейтуді орындаңдар.

       4. «Бағалау» тәтті тоқаштары.

Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
Ашық сабақ: Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу