Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Абайдың қара сөздері

Oinet.kz 06-10-2019 1150

Отыз бірінші сөз

  oquzaman

Кожабекова  Алия Кабдырахкызы

 Қостанай облысы   Арқалық қаласы    “Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің  Кейкі батыр  атындағы  №4 жалпы орта  білім беретін мектебі” ММ   қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі


Сабақ: Қазақ әдебиетіМектеп: Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ


Күні:  19.12.18ж.Мұғалім:  Сабитова Г.Ж.


Сынып: 6 “Ә”Қатысқан оқушылар  саны: 21Қатыспағандар:

Бөлім атауы3-бөлім. Адамгершілік – асыл қасиет


Сабақтың тақырыбы:Отыз бірінші сөз  


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіру;


Сабақтың мақсаты:Барлығы: шығарманың мазмұнын түсінеді. Көпшілігі: шығармамен танысу арқылы  көтерілген әлеуметтік-қоғамдық идеясын анықтайды. Кейбіреулері: шығарманы өмірмен байланыстырады, белсене ат салысады.


РесурстарОқулық, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, микрофон


Жетістік критерийлері:-мәтінді түсініп, сұрақтарға жауап беріп, қарасөздерді құрылымы бойынша сәйкестендіреді.-мәтін бойынша көтерілген идеяны жазады.-мақал-мәтелдердің ішінен тақырыптың идеясын анықтайтын мақалды анықтайды, өмірмен байланыстырады.


Ойлау дағдыл.-ң деңгейіБілу, түсіну, қолдану, анализ, бағалау


Тілдік мақсаттар:Сөздікпен жұмыс. Қарасөз.


Құндылықтарды дарытуОқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, оқушының сыни тұрғыдан көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.


Пәнаралық байланысҚазақ тілі, өзін-өзі тану


АКТ қолдану дағдыларыОқулық, билимленд, үлестірмелі парақшалар


Осыған дейін меңгерілген білімЖетінші сөздегі көркемдегіш құралдар.


Жоспар



Жоспарланатын уақытЖоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттерРесурстар

Сабақтың басы 5мин (1 мин)                   Қайталау кезеңі (4 мин)              Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа деген дайындығын қадағалау. Психологиялық ахуал. Абай ақын туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды. 1.Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап, тоқы көңілге. 2. Сөз мәнісін білмесең, Өлең оқып не керек? Не айтқанын сезбесең, Жарапазан не беред? Қайталау. Жетінші сөздегі көркемдегіш құралдар. Өткен сабақтың мақсаты бойынша қайталау Білдім: Жетінші қарасөзін біледі. Қолдандым: мәтіннен көркемдеуіш тәсілдерді анықтайды. Өзім орындай аламын: көркемдеуіш тәсілдерді пайдаланып, әдеби эссе жазамын. «Үздік эссені» оқу, бағалау. Оқушы: Бөбек, Алия Бағалау: мұғалімнің мадақтауы    Интербелсен-ді тақта Үлестірмелі қағаз                 Оқулық

Сабақтың ортасы 30 мин Тақырыпты ашу (1 мин)   Мақсат айту (1 мин)           Сөздікпен жұмыс ( 1 мин)           Сөзге сұрақ қою (1 мин)         Бейнебаян тамашалау.  (1 мин) Үнтаспа (аудио) (1 мин)     Сұрақтарға жауап беру (7 мин)         1-тапсырма (2 мин) Тексеру (2 мин)                   2-тапсырма Жызылым ( 3 мин) Тексеру (2 мин) 3-тапсырма ( 3 мин)     Сергіту сәті (1 мин)Жаңа тақырыпты ашу. 20 25 37 11 3 38 23 38 18 34 38 24  21 11     Жаңа тақырыпқа мақсат қою: Менің мақсатым… Оқу мақсатын бірінші таныстыру 1.Білгім келеді…Бөбек 2.Қолданғым келеді…Алия 3.Өзім орындағым келеді…Дулат Жаңа тақырып. “Отыз бірінші қара сөз” Сөздікпен жұмыс (сөздерді хормен айту) Сөздерді ауызша сұрау Оқушы: Бөбек, Алия, Дулат Ғибрәтлану-ғибраттану, үлгі алу. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз». Тұшыну-ынтығу, құмарлану, мейірлену. Кесел-залал. Құмарлық-қызығушылық, әуестік, ынтықтық. Күллі-барлық, бүкіл. Уайымсыздық – еш нәрсеге алаңдамаушылық.
Салғырттық – әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.
 Ғибрәтлану– Тұшыну– Кесел– Құмарлық– Күллі– БЕЙНЕБАЯН тамашалау (1 мин) ТЫҢДАЛЫМ. Мәтінші тыңдау.  (1 мин) Мәтінмен жұмыс. Билимленд сайты бойынша мәтінді тыңдайды. -Оқушылар «Билимленд» сайтынан Абайдың жетінші қарасөзін тыңдаймын. Саусағымызды кітапқа қою, мұқият тыңдаймыз. Мәтінді өздері бір қайталап оқыйды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.  ХV (67-бет 1-2 сұрақ) 1.Абай қарасөздерінен қандай өмірік ұстаным шығаруға болады деп ойлайсыңдар?  Бөбек Өз өмірлеріңе, іс-әрекеттеріңе септігін тигізетін қорытынды жасай алдыңдар ма? Сараптама жасайық.   Алия 2.Абай қандай құндылықтарды сөз етеді? Бұл құндылықтар адамзат үшін маңызы қандай? Нақты дәлелдер келтірейік. Дулат 1-тапсырма. Қарасөз құрылымы бойынша сәйкестендір. Ой кеселді нәрселерден қашық болу 4 Көкірегі байлауы берік болмақ керек СЕНУ КЕРЕК 3 Сол нәрсені көргенде я естігенде ғибрәтлану, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек 1   Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек   2 Бағалау: өзін-өзі тексеру (қол көтеру) 2-тапсырма.  Абайдың отыз бірінші қарасөзінің идеясын 2-3 сөйлеммен жаз. Негізгі идеясы:   Бағалау: «Екі тілек, бір ұсыныс» 3-тапсырма.  Мәтіннің идеясын ашатын сөйлемді анықтаңыз. Сөйлемді өмірмен байланыстырып айтыңыз. Сөйлемдер 1. Ой кеселдерінен аулақ болу 2.Естіген нәрсені ұмытпастықтың жолдары 3.Жан мен тәннің құмарлығы Бағалау: мұғалім мадақтауы (жақсы, жарайсың)  
    Интербелсен-ді тақта                                 Билимленд https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-otyz-birinshi-qarasoz   Үлестірмелі қағаз                         Интербелсен-ді тақта

Сабақтың соңы (4 мин) Тексеру ( 2 мин)Бекітуге арналған тапсырмалар.  Тест тапсырмасы. Тест 1.Естіген нәрсені ұмытпастықтың неше түрлі себебі барын көрсетіңіз.    А) 3   В) 4 +  С) 2   Д) 6 2.Абайдың отыз бірінші қарасөзіндегі ой кеселін көрсетіңіз.  А) ойыншы-күлкішілдік+  B) мазасыздық C) ұйқышылдық  Д) көпсөзділік 3. «Ғибрәтлану» сөзінің мағынасы    А) ғибраттану, үлгі алу. +    В) құмарлық    С)  қарасөз      Д) залал 4.Естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебінің бірін белгілеңіз. А) ой кеселі нәрселерден қашық болу керек+ B) адалдықпен өмір сүруге тырысу керек C) бала тәрбиесімен айналысу керек  D) көп кітап оқып, білімін жетілдіру керек 5.Естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебінің бірін көрсетіңіз. А) сол нәрсеге қатысты мол деректер жинап, мағлұмат алу керек  B) сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек+    C) сол нәрсенің шыққан тегін зерттеп, тарихи негізіне үңілу керек Д) сол нәрсеге өзгелердің қызығушылығын арттыра білу керек Бағалау: өзін-өзі бағалау.    Үлестірмелі парақшалар         Интербелсен-ді тақта

Үйге тапсырма (1 мин)1. Оқулықтан 67-бетті оқу, мазмұндау. 2. №1, 67-бет. Абай айтқан ой кеселдерден құтылудың жолын көрсетіп сыни хабарлама жазайық.Оқулық

Рефлексия (1 мин)Менің мақсатым… 1.Білдім…   2.Қолдандым…          3.Өзім орындай аламын…Интербелсен-ді тақта






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
      Оқушыларыма сабақ үстінде барынша қолдау көрсетемін. Оның бір дәлелі – психологиялық ахуалдан бастаймын. Қабілеті жоғары оқушылардың дарындылығын кеңейту үшін өз деңгейлеріне сай тапсырма беремін.     Сабақ бойынша оушылардың меңгергенін білу үшін маған критериалды бағалау көмектеседі. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс орнатамын. Сабақ соңында мақсатқа жеткенін білу үшін бекіту тапсырмасын орындатамын.      Қазақ тілі пәнімен байланыс болды. АКТ оқу барысында тиімді қолданылды. Әсіресе, «Билимленд», интербелсенді тақта.Бұл сабақ арқылы оқушылар рухани адамгершілік қасиетті ұялатып, оқушының сыни тұрғысынан дамуына әсер етті.
  Ойлану   Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар осы сабақта толығымен мақсаттарына жетті. Тапсырмалар жеңілден қиынға барды. Бүгінгі сабақ бойынша Абайдың «Жетінші сөзінің» мазмұнын білді. Ең бастысы – қарасөздің идеясына жетіп, анықтап, өмірмен бацланыстырды. Өздері үшін үлгі-өнеге алды.  

Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Критериалды бағалауды өз сабағымда тиімді қолдануым. 2: Оқу мақсатына сүйене отырып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатына жетуім. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Идеясын ашқан кезде жұппен жұмысты қолданғанда, тіптен жақсы болар еді. 2: Оқулықта мәтінге байланысты тапсырмалар болғанда жақсы болар еді. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?   Осы сабақ барысында болашақта мәтінмен жұмысқа аса мән беру керектігін, билимленд т.б.ресурстарды сабақпен байланыстырып тиімді қолдануға мән бердім. О0ушыларды Абайдың отыз бірінші қара сөзінен, есте сақтаудың 4 түрін өмірде қолдана алады.                    


Ашық сабақ. Қазақ тілі. Құрмалас сөйлем туралы түсінік
Ашық сабақ. Ұстазға деген құрмет туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу