Шешендік сөздер. Тайкелтірдің төрелігі

Oinet.kz 05-10-2019 4107

Kitap.kz - онлайн платформа

Төле би Тайкелтірдің болашағын болжайды. «Ұсақ – түйек ауыл арасындағы дау-шар емес, ел намысын жібермейтін, қысылғанда халқына пана бола алатын алғыр, ұтымды адам болып өскелі тұр. Бұл мына шалдар ойлағандай Айдаболдың ұлы емес, халқының ұлы болар-ақ. Бұған түзеу бағыт беріп, алға тарту керек. Мен қателессем, ел кешпейді. Олай болса бұл баланың шешендігіне, тапқырлығына өзімнің де, мына отырғандардың ба көзін жеткізейін» деген оймен би атқосшы жігітін шақырады. - Қонақ үйдегі екі кісіні таласып жүрген ер-тұрманымен осында әкеші! - Құп, тақсыр! – деп жігіт үйден шығады.

Әдемі киінген екі кісі сәлем беріп, қол қусырып кіреді. Алқосшы жігіт алдыңғы қасына күміс қақтаған, былғары тоқымына зер төккізген ерді ортаға әкеліп қояды. - Әй, балам Тайкелтір, осы ер-тұрманға мына екеуі талас. Бұлар тоқтарлық бітім айтып, екеуін де риза етші? – дейді Төле би.

Тайкелтір біраз бөгеліп қобалжып қалды да, орнынан тұрады. Кереге басында ілулі тұрған Төле бидің тобылғы сапты қамшысын қолына алып, ортадағы ерге жақындап барып жүгініп отырып, жан-жағына байырқалап қарайды: - Қасың қайың, қапталың тал,

Шебер шапқан сары ерсің.

Таласпен келген екеуің,

Бір ерге қалай мінерсің? –

деп алдағы ерді қамшымен тартып-тартып жібереді де, есік алдында тұрған Төле бидің жігітіне: - Мә, осы ерді саған беремін, ие болып мініп жүр, - дейді.

Дауласып жүрген екі кісіге: - Қалай, ризасыңдар ма менің айтқаныма, жоқ па? – деп сұрайды. - Ризамыз, төреңе құлдық, егер ер бірімізге тисе, екіншіміздің өмірі өкінішіміз кетпейтін еді, дұрыс жасадыңыз. Төле ағамыздың атқосшы жігіті-ақ мініп жүрсін, - деп ризалығын білдіреді.

Эссе: Интернеттің пайдасы мен зияны туралы пікірің қандай?
Эссе: Бейбіт өмірдегі ерлік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу