Ашық сабақ. Тарих. 6 сынып. Оғыз мемлекеті

Oinet.kz 05-10-2014 3025

Сабақ тақырыбы: Оғыз мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің   алатын орны қандай?

Мектеп: Ш.Ермағанбетова   атындағы №246 орта мектеп

Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні:Рахметова Мөлдір

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың

мақсаты

Оқушылар:

  • Оғыз мемлекетінің ішкі        және сыртқы саясатын сипаттайды.

Осы сабақ арқылы

жүзеге

асырылатын оқу

мақсаттары

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың   ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

 

 

Бағалау критерилері

·      Оғыз мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіреді;

·      «Оғызнама» дастанының мазмұнын талдайды;

·        «Оғызнама» туындысының дереккөз ретінде   тарихи маңызына баға береді.

Тілдік мақсаттар

 

«Оғызнама дастаны» бейнематериалын қарайды және   талқылау жүргізеді (тыңдалым және   айтылым дағдысы);

Тарихи   дереккөздермен жұмыс жасайды (оқылым   дағдысы).

Ақпараттық   мәтіндер мен тарихи деректерді зерттеу жұмысын жүргізу барысында топта жұмыс   жасайды, және де сонымен бірге, сынып алдында ауызша түрде өз жұмысының   нәтижесін  (оқылым дағдысы, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдысы).

Пәндік лексика мен   терминология:

Этнос, жабғу,   этникалық құрам, инал, атабек, күлеркін, сюбашы

Диалог құруға   /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Дерекөздің негізінде келесі қорытынды жасауға болады:...

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты   өзгерістер болды…

оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Біздің анықтағанымыз..

Құндылықтарды   дарыту

Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

-  қазақ зиялыларын  мақтан тұту.

АКТ

дағдыларының дамуы

Ақпарат іздеу мақсатында интернет сайттарымен жұмыс   жасау

Пәнаралық    

байланыс

Дүниежүзі тарихы, география

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Оқушылар VI – IX ғғ. Қазақстан   территориясында қалыптасқан түркі мемлекеттерін біледі. Олар Түрік қағанатының   этникалық құрамын зерттеген кезде құрамына кіретін оғыз тайпасын қарастырған   болатын.

Сабақ   барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта   орындалатын іс - әрекеттер

 

Оқыту ресурстары

 

 

 

 

 

Басы

10 минут

БЫМ Бастапқы   ынталандырушы материал ретінде оқушылардың назарына «Оғызнама дастаны» атты   бейнематериал көрсетіңіз. Барлық сыныппен бейнематериал бойынша талқылау   жұмысын ұйымдастырыңыз:

·        Не көрдіңіздер? Берілген   бейнебаянда маңызды тұлға ретінде кім қарастырылды?

·        Бейнебаянда қандай оқиғалар   сипатталады?

·        Қалай ойлайсыздар бұл қандай   тарихи-әдеби шығарма?

Б Оқушылар өз   болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.

М Презентацияның   көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау   критерилерімен таныстырыңыз.

 

 

 

«Оғызнама дастаны»

https://www.youtube.com/watch?v=QZVrxwWAnCo

 

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-ІІт. –   Алматы: «Атамұра», 2010 ж

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

20 минут

 

 

Зерттеу сұрақтары

·        «Оғыз» сөзінің мағынасы қандай?

·        Оғыз мемлекетінің этникалық құрамына қандай тайпалар   кіреді?

·        Оғыздардың қоғамдық құырылысының ерекшелігі неде?

·        Оғыз мемлекеті Киев Русімен қандай қарым-қатынаста   болды?

ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ  

М Зерттеу жұмысын   ұйымдастыру үшін оқушыларды топтарға (3 топқа) бөліп, дидактикалық таратпа   материалмен жұмыс жүргізіңіз.

Тапсырма №1.

Т Топтарға Оғыз   мемлекетінің құрылуы мен оның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде материалдар   таратыңыз (Қосымша 1). Әрбір топ төменде берілген тапсырмаларды орындайды:

1-ші топ: Оғыз   мемлекетінің этникалық құрамын талдайды;

Тапсырманы   орындауға арналған критерилер:

·      Оғыздардың территорисы мен астанасын анықтау;

·      Оғыздар жөнінде деректерді   анықтау;

·      Оғыз мемлекетінің құрамына енген тайпаларды көрсету;

·      «Оғыз» сөзінің мағынасын анықтау;

2-ші топ: оғыздардың   қоғамдық құрылысын зерттейді;

Тапсырманы   орындауға арналған критерилер:

·      Оғыз мемлекетінің әлеуметтік   құрылысын иерархия бойынша құрастыру;

·      Оғыз қоғамында әлеуметтік   теңсіздіктің болғанына дәлел келтіріңіз;

·      Оғыздардың қоғамдық құрылысын   Түрік қағанатымен салыстырыңыз.

3-ші топ: Оғыз   мемлекетінің сыртқы саяси қатынасының негізгі бағыттарын зерттейді.

Тапсырманы   орындауға арналған критерилер:

·          Оғыз мемлекетінің сыртқы   саясатының негізгі бағыттары мен мақсатын талдаңыз;

·         Оғыздардың Киев Русімен қарым-қатынасының сипатын анықтаңыз;

·         Оғыздардың жаулап алу жорықтарын сипаттау арқылы территориясының кеңеюін   талдаңыз.

Т Топтар өз   жұмыстарының қорытындысын қорғайды (постер, кластер, инфографика, жаңалықтар,   театралдық көрінісі және т.с.с түрде). Мұғалім әрбір презентацияны тыңдап,   кері байланыс жасайды.

ҚБ Топтардың жұмысын төменде берілген критерии бойынша да   бағалау мүмкіндігі туындайды:

-тақырыптың толық   ашылуы;

-дәлелдер мен   фактілердің келтірілуі;

-жұмыстың дизайны

Тапсырма №2.

Ж/Ж Оқушыларға жеке немесе жұптасып бірінші топтың жұмыс   нәтижесіне сүйеніп оғыздардың орналасу территориясын, астанасын және   шектескен мемлекеттерді кескін картаға енгізуді ұсыныңыз.

БС Барлық   сыныппен келесі сұрақты талқылаңыз: «Оғыздар VI-IX ғасырлардағы   Түрік мемлекеттерінің дамуына қандай үлес қосты?». Оқушылар дәйектер   келтіріп, жауап береді.

Интерпретация

Ж Мәтіндерді талдап   болған соң, оқушыларға жұптық жұмыс түрінде дереккөзбен жұмысты   ұйымдастырыңыз. Оқушыларға Рашид ад-Диннің «Оғызнама»   дерегінен үзінді келтіріңіз (Қосымша 2).

Әрбір жұпты төмендегі   сұрақтар арқылы талдау жасауды өтініңіз:

1.      Деректің мазмұны қандай?

2.      Деректің басты ойы неде?

3.      Автор қандай ақпаратты жеткізгісі келді?

4.      Басты кейіпкер қалай бейнеленген?

5.      Дерек шындыққа жанаса ма?

6.      Автордың сипатталған оқиғаларға қатынасы қандай?

ҚБ Оқушылар кері байланыс жасайды. Бір жұп өз жауап   нұсқасын оқиды, ал қалған жұптар тексеріп, толықтырады.

Тапсырма №3 

Ж Слайдта «Оғызнама»   жырынан қысқаша үзінді келтіріп, оқушыларға жеке талдау жұмысын жүргізуді   ұсыныңыз

«Оғызнама» жырынан   үзінді:

Ей, ұлдарым   менің
  Мен басымнан көп нәрсе өткіздім.
  Талай-талай шайқасты көрдім,
  Садақ тартып, оқ аттым,
  Дұшпандарымды жылаттым,
  Достарымды күлдірттім.
  Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім.
  Ел – жұртымды сендерге табыс етем.

Үзіндіні   талдау критерилері:

1. Үзіндінің   авторы кім?

2. Дереккөзден   оғыздар жөнінде қандай ақпарат алуға болады?

3. «Оғызнама»   жырына тарихи дерек ретінде тарихи маңыздылығына баға беріңіз.

БС Барлық   сыныппен келесі сұрақты талқылаңыз: «Оғыз мемлекетінің ортағасырлық Қазақстан   тарихындағы орны қандай?».

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

А4 форматындағы қағаздар, стикерлер, маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

Соңы

 

10 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» көмегімен сабақты қорытындылаңыз. Оқушылар өткен   сабақ бойынша рефлексия жасайды.    

Үй тапсырмасы:  

Венн диаграммасы бойынша «Күлтегін» мен «Оғызнама» деректерін   салыстырыңыз.

стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту   – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау –   Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

 

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында   құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың   қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың   бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға   жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе   отырып кем дегенде өзінің ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы   тәуелсіз, негізгі жауап береді. 

 

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау   немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға   қолдау көрсету.

 

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы Оғыз   мемлекетінің маңызын түсінудің деңгейін бағалау

 

 

Оғыз мемлекетінің Қазақстан тарихында алатын   орнын анықтап, зерттеу арқылы оқушылардың бойында патриотизм, ұлтжандылық   қасиеттері қалыптастырылады. Оғыз хан сияқты тарихи тұлғалар үшін мақтаныш   сезімі қалыптасады.

Рефлексия

 

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені   үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге   асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер   енгіздім және неліктен?

 

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін   пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға   жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге   қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын   тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

 

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы   келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 

 

 

 











 


Ашық сабақ: Көнерген сөздер
Ашық сабақ. Лексика дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу