Ашық сабақ: Көнерген сөздер

Oinet.kz 05-08-2020 3961

Қазақ тілі

Уақыты: 2.12.2016

Кабинет:412

Мұғалім:

Искакова Г.Н

Сабақтың атауы

Көнерген сөздер.Тарихи сөздер,архаизмдер.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі.

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар, видео

Жалпымақсаттар

Білімділік: Көнерген сөздер түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстар орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Өз бетінше дербес жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, өз бетімен іздену әдісі, талдау. «Кубик» стратегиясын қолдану.

Оқыту  нәтижесі

Ынтымақтастық атмосферасы


Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік

Топқа бөлу

Қызыл, жасыл, сары түстермен топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау


«Қайталау – оқу анасы» дегендей балама тест арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. (иә қызыл)
2. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер кірмейді. (жоқ жасыл) барлық сөздер енеді екен.
3. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, термин сөздер де диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді. (иә)
4. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді. (иә)
5. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрамайды. 
(жоқ) құрайды.

(жауапты білмеймін сары түс)

Мағынаны тану


Кубик стратегиясы. І. Суреттеу. Ой қозғау. Мұражайға саяхат

- Балалар, Астана қаласында, Қазақстан Республикасы президенттік мәдениет орталығы бар. Қазақстан халқының тарихи –мәдени және әлемдік мәдениет пен өнердегі жетістіктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы ашылған болатын. Осы мәдениет орталығында мұражай бар. Қазір біз Президенттік мәдениет орталығына саяхатқа барамыз.

- Міне, осы заттардың барлығы қандай заттар?

- Иә, бұл ескі заттар.кәне, ескі сөзінің синонимін табайықшы: көне, көмескі. Жарайсыңдар!


ІІ. Зерттеу. Балалар,сонда біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Көнерген сөздер» деп аталады. 

Мысалы: суреттен кімді көріп отырмыз?
Екінші суретте не нәрсе?

hello_html_m191db036.png






hello_html_m38914d08.png

Ал қазіргі өмірде біз бұл сөздерді қолданамыз ба. Иә, әрине қолданбаймыз сонымен балалар көнерген сөзіміздің ережесін шығарайық, қоғамның дамуына , өркендеуіне орай, кейбір сөздеріміз қолданыстан шығып қалып жатады сондай сөздерді біздер көнерген сөздер деп атаймыз. Оқушылар көнерген сөздер мүлдем жойылып кетті деп айта алмаймыз, біз оларды көркем әдеби жазылған шығармалардан оқи аламыз.

Не үшін тілімізде кейбір сөздер қолданыстан шығып қалады?

Қоғам дамуына орай қолданылған дәуірі өтіп кетіп, тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс тіршіліктің, әдет-ғұрыптың өзгеруіне орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер.
Көнерген сөздер мағынасына қарай 2 – бөлінеді:
- Тарихи сөздер (қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар жатады.

  1. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс

  2. Қару –жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе,сауыт, айбалта, найза, адырна

  3. Кеңес дәуір тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, отарба т.б)

- Архаизмдер (халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт – сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.

1. Мата атаулары: Мысалы, торқа, дүрия, патсайы

2. Әдет-ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта

3. Үй тұрмысы, киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары : лашық, күпі, саптыаяқ, саба, сәукеле, кебеже, т.б

Кейбір сөздердің қайтадан жаңғыратын кездері де болады

  1. Кеңес дәуіріндегі қолданудан шығып қалған сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран.

  2. Бұрынғы жыл атаулары: барыс, жылқы, қоянт.б

  3. Ай атаулары: наурыз, сәуір, маусым, қыркүйект.б

Тәуелсіздік алғаннан бері сөздеріміз қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.

ІІІ. Қолдану. Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау

І топ. Сөздердің қайсысы архаизмге, қайсы тарихи сөздерге жатады. 149-жаттығу

Аушадияр, Шұға, болыс, қаған, сауыт, уәзір, би, кебеже, торқа, күпі, қылыш, шоқпар,хан.(Мұнара жасау)

ІІ топ. Берілген мақалдардан көнерген сөздерді тап.(Полиглот) 151-жаттығу

Асабасы жоқ асқа жарымас

Қараша үйден ханша шығар

Шықсаң ұзақ сапапрға, арымас ат-отарба

Ер азамат белгісі-түзде мырза, үйде құл

Ынтымақ-оқ өтпес сауыт, татулық –тамаша сауық

Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.

ІІІ топ. «Ойлы болсаң озып көр» аталған сөздің қай салада қолданылатынын тап. 152-жаттығу

  1. Шидем- киім, тағам, ыдыс, жасау.(қойдың жабағы жүнінен жасалған киім)

  2. Тоқымқағар- салт, өнер, ырым, кәсіп (жас жігітті ұзақ сапарға шығарып саларда ауыл елінің арнайы ас беруі)

  3. Нияз илік, дәстүр, өнер, дін (пітір, садақа)

  4. Саба- құрал, ыдыс, мата, жер (қымыз құятын ыдыс)

  5. Бел көтеру- дәстүр, киім, құрал, тағам(қарияларға аралып дайындалатын тағам. Ет,айран, құрт,кеспе қосып дайындайды)

  6. Аушадияр- киім, дәстүр, сайман, тағам (үйлену той кезінде айтылатын өлең-жыр)


Сергіту сәті

Бір, екі,үш- қарлығаш боп ұш.

Төрт, бес, алты-қарлығаш боп қалқы.

Жеті,сегіз,тоғыз,он-қарлығаш боп қон.



Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

ІҮ. Байланыстыру.
Сөйлемдерден көнерген сөздерді теріп жазыңдар. Көнерген сөздің түрін анықтаңдар:
1.Қаламқас орта бойлы , ақ құба,отты қара көзді бойжеткен.Ақ шәйі көйлектің сыртынан қызыл бешпет киіпті. Аяғына кигені- әмірхан мәсі. Басында- құндызбен ұсталған сәукеле. Шашына күмістен шашбау таққан. (Архаизмдер)
2.Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында...(архаизм сөз)
3.Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес, салқындаған қалпында құяды. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы ұсынатыны , бар болса қымыз, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар болған.(С.Мұқанов) (Архаизм)
4.Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады.
Ақ сырмалы 
сауытты сұрағаным , Ер Төстік ер еді, сол кисін деп едім.
Қырық 
уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. (Тарихи сөздер)
(«Ер Төстік»ертегісінен)
5.Алмас қылыш сартылдап
Алтынды жүген жарқылдап
Найзасы аумай қолынан,
Желі тұрып оңынан... (Тарихи сөздер)
Бір қыз кетіп барады,
Қара жорға мінгені,
Қара торқа кигені...
-Білегінің шырайы 
айбалтаның сабындай .
-Көш алдында сұлудың
Он қыз нөкер қасында.(«Қыз Жібек») (Тарихи сөздер)
6.Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, әбдіре, жүк аяқ, жастық ағаш. (Архаизмдер)

«Ойлы болсаң озып көр»


Мақал-мәтелді жалғастыру, ішінен көнерген сөзді табу, түсіп қалған дыбысты немесе сөзді жазу.
1.Кісі елінде с...лт...н болғанша
2.Жаман ... жал бітсе,
Жанына т ... рс ...қ байлатпас.
3.Иілген басты қ...л...ш кеспес.

Қорыту

Үhello_html_m619edbb3.gifhello_html_m619edbb3.gif. Салыстыру. Венн диаграммасы арқылы

Біле бер қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле,біле

Ж. Баласағұн

Үй тапсырмасы

150,153,154 жаттығулар

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

ҮІ. Талқылау.

Бағалау парақшаларын тарату


Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. Тарих. 6 сынып. Оғыз мемлекеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу