Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Мектеп: «Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп» КММ Мұғалім: Тургунбекова Ж.М | |||||
Сынып: 5ә | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Бөлім: 2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы | |||||
Сабақ тақырыбы | Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімедегі үлгі-өнеге | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
| ||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Әңгімедегі басты кейіпкердің портретін сипаттайды. Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін салыстыра отырып, мінездеме бере алады. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Анықталған портрет пен әрекет негізінде шығарманы қазіргі өмірмен байланыстырып, нақты дәлелдер келтіреді. | ||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Фабрик, франк, фабрика, приказчик, купец Түсіндірме сөздер: әйдік, реуішті, жұртым Ишара: қайыршылық сұрау, терең ойға қалу, бір орында қатып қалу. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Осы шығармаға ұқсас оқыған шығармаң бар ма ? Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті Антон жолаушыға жолықты деп ойлайсыз? | ||||
Құндылықтарды Игерту | «Мәңгілік ел» идеясының бесінші құндылығы: еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | ||||
Бағалау критерийі | . • Көркем шығармадан кейіпкерлер портреті арқылы образды аша алады; • Көркем шығармадағықарама-қарсы мағынада жұмсалған ұғымдарды тауып, дәлелдер арқылы жеткізеді; • Кейіпкерлерге мінездеме беріп, шынайы өмірмен салыстырады, баға береді. | ||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану. | ||||
Алдыңғы білім | Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін бастауыш сыныптан біледі. | ||||
Сабақ барысы
| |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу |
Ресурс | |||
Сабақтың басы
5 минут
7 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Шаттық шеңберін» құрамын. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. (Балалар, біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз және бір сыныпта оқығандықтан, бір отбасының балаларындай тату болып кеттік. Отбасында біз бір-бірімізге қандай тілектер айтамыз?) Оқушылар бір-біріне тілектерін айтады. 2.«Әжемнің қоржыны» әдісі арқылы топқа бөлу. Ал,балалар, біз сынып- та бір-бірімізбен тату болғандықтан, Беріктің әжесі сендерге қоржынға салып, тәттілерін тастап кетті. Қазір барлығымыз осы тәттіден ауыз тиейік. Әр алған тәтті кәмпит-те татулыққа қатысты әжеміздің жүрек -тен шыққан жақсы тілегі жазылған (достық, бірлік, ынтымақ). Оқушылар осы аталған тілектерге байланысты топқа бөлінеді. 1-топ. «Достық». 2-топ. «Бірлік». 3-топ. «Ынтымақ». «Суреттер: Не болды?» әдісі. Оқушыларға сурет көрсетемін. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет. Сабақтың тақырыбы өткен сабақпен байланысы бар екенін түсінеді.Сабақтың тақырыбын , мақсатымен таныстырамын. 1-тапсырма. Үйге берілген тапсырманы «Ой қозғау» әдісі бойынша үй жұмысын әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.Тақтада тұрған емен ағашындағы қарлығаштарды таңдап алады. 1. Оқушылар, кімнің шығармаларымен танысудамыз? 2. Ыбырай Алтынсарин кім? 3. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі төл туынды ма,ә лде аударма ма? 4. Еңбекқор адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? 5. Жазушы шығармаларының тақырыбы қандай? 6. Әңгіменің басты кейіпкері кім? т.б Дескриптор: –үй жұмысына берілген тапсырманы қорытындылайды; –сұрақтарға жауап береді; –бір-бірімен пікір алмасады
ҚБ. «Жұлдызша » әдісі.(толық жауап үлкен жұлдызша, кіш-кентай жұлдызша толықтыру қажет кеткен жауапқа беріледі) |
Слайд 1,2
| |||
Сабақтың ортасы
7 минут
15 минут
6 минут | 2-тапсырма.«Бәріміз бірге...» әдісі Антон мен бейтаныс адамға мінездеме береді. Мәтіннен оқығандарынан ой түйіп, өмірмен байланыстырып, кейіпкерлер образын талдайды,еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттеріне тоқталады. Антон Бейтаныс адам Дескриптор: - Мәтіннің мазмұнын біледі; -Әңгімедегі кейіпкерлерді біледі; -Антон мен бейтаныс адамға мінездеме береді.
ҚБ. «Қолдау көрсету» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды. ҚБ. «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. 3-тапсырма .Үш топқа жеке тапсырма беріледі. Нәтиже немесе жауап беру бойынша саралау. 1-топ «Ойлан-топтас-талда»әдісі. Әңгімедегі жалқаулық пен еңбекқорлықты салыстыра отырып, қарама-қарсы суреттеулерді табыңыз.Әңгіме желісіндегі қандай іс үлгі болар еді ? Еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін туралы тоқалады. Жалқаулық Еңбекқор «Венн диаграммасы» әдісімен мәтініндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен салыстырып, байланысын көрсетіңдер. Еңбекті діріптеу керек. 2-топ «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы берілген мәтіннің маңызды тұстарын талдап , білгендерін ортаға салады.Еңбекті діріптейді.Антон мен бейтаныс адам арасындағы диалог. Көрініс. Дескриптор: -Көркем шығармадан кейіпкерлер портреті арқылы образды аша алады; - Көркем шығармадағықарама-қарсы мағынада жұмсалған ұғымдарды тауып, дәлелдер арқылы жеткізеді; 3-топ «Ой картасы» әдісі арқылы топ жұмысты қорғағанда, тыңдаушы жұп дәптерге негізгі фактілерді жазып отырады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп отырады.Әңгіме желісіндегі қандай іс үлгі болар еді ? Шығармада қарама-қарсы мәнде суреттелген ұғымдарды тауып, салыстырыңыз, ұғымдарға сай мақал ойлап, мағынасын ашып жазады.Еңбекті діріптейді. Қарама- қарсыұғымдарМақал-мәтелдерМағынасын ашуДескриптор: – мәтіндегі қарама- қарсы ұғымдар анықтайды; – Мақал-мәтелдерді еске түсіреді; – Көркем шығармадағы қарама-қарсы мағынада жұмсалған ұғымдарды тауып, дәлелдер арқылы жеткізеді; ҚБ. «Ауызша бағалау» әдісі арқылы ұжымдық бағалау жасаймын. | Слайд 3,4,5
| |||
Сабақтың соңы 5 минут
| «Өмірді өзгерткен кеңес»Әңгімедегі үлгі- өнеге жайлы айту Антон қандай адам деп ойлайсыңдар? Неліктен Антон еңбек етуге шешім қабылдайды? Неліктен Антон бөтен адамның сөзін тыңдайды? Әңгіме неліктен «Дүние қалай етсең табылады? Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін қалмайсың деген кеңес нені білдіреді? Дескриптор - өмірмен байланыстырып, дәлелдер келтіреді; ҚБ. «Басбармақ» әдісі бойынша бағалау.. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. 1. «Бүгін мен ... білдім». 2. «... қызықты болды». 3. «... қиын болды». 4. «... екенін түсіндім». 5. «Мен ... білім алдым». 6. «... мені таңғалдырды». Кері байланыс.Бірнеше оқушыдан ауызша кері байланыс алу.(Оқушылар стикерді бәйтерек ағашына іледі ) Бүгінгі сабақта белсенді топ анықталады. Белсенділік танытып, сұрақтарға жылдам жауап берген оқушыларды «Ең жылдам», «Өте белсенді», «Жылдам», «Жүйрік», «Шапшаң» деген мадақтама сөздерімен бағалаймын. |
Стикер | |||
Қосымша ақпарат | ||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? тапсырманы саралап беремін | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүзеге асады. ҚБ «Жұлдызшалар», «Басбармақ» , «Екі жұлдыз бір тілек», «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКT-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс ұйымшылдықта жұмыс жасауға баулып отырамын. |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралаушаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |