Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 11 сынып. Жұбан Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 05-10-2018 2001

                                                        


Тақырыбы:

Жұбан Молдағалиев. «Мен қазақпын!»    поэмасы

Пән мұғалімі:

Нурниязова    Батима

11-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: -

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу.   Ақынның «Мен қазақпын!» поэмасына талдау жасау, ақынның азаматтық   тұлғасын таныту

Сабақтың міндеттері

Білімділік міндеті: Ж.Молдағалиевтың   өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, оқушылардың поэзия туралы   түсініктерін дамыту.

Дамытушылық міндеті: Оқушылардың   танымдық қабілетін, өз пікірін, көзқарасын білдіру, талдау дағдыларын дамыту.   Тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік міндет:   ақын өмірін үлгі ету, поэмадағы ұлттық болмыс пен биік рухты таныта отырып,   ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: Ж.   Молдағалиевтың өмірі және шығармашылығымен, «Мен қазақпын!» поэмасының   мазмұнымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі: Поэманың   мазмұнын талдап, ақынның ойын таратып айтады.

Кейбір оқушылар: «Мен   қазақпын!» поэмасының тақырыбы мен идеясын анықтап, жазба жұмысында пікірін,   өз ойын дәлелмен жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: лирика -публицистикалық поэма, азаматтық ерлік,   саяси идеология.

Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

Ақынға поэманы жазуға қандай себеп түрткі болды?

Ақын нені армандады? Ол арман орындалды ма?

«Мен қазақпын!» поэмасы өз кезінде қандай қызмет   атқарды?

Жазылым бойынша ұсыныс: Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964   жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді   деген ойды талдап, дәлелмен жазу.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:

Конверт-сұрақтар, екіжақты түсіндірме күнделігі,   дәлелденген эссе, автор орындығы

Алдыңғы оқу

«Мен қазақпын!» поэмасын оқу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың   басталуы

Мұғалімнің   кіріспе сөзі

Мен   – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
  Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
  Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
  Айта бергім келеді, айта бергім!

-Бұл   өлең шумақтарын білмейтін қазақ кемде-кем. Шумақтар сендерге де таныс. Оны   «Мен қазақпын!» поэмасынан оқығансыңдар. Поэманың мазмұнын талдамас бұрын, осы   ғажап туындының авторы Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына шолу   жасайық.

(Оқушылар   ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен бөліседі).

1-тапсырма.

Конверттегі сұрақтар

  1. «Мен қазақпын!» поэмасында қандай тұлғалар кездеседі?

(Шыңғыс   хан, Жошы хан, Асан қайғы , Абылайды, Жәңгірді, хан Кене, Исатай , Махамбет   Өтемісұлы, ШоқанУәлиханов , Абай Құнанбаев, Біржан сал, Күләш Бәйсейітова,   Сәкен Сейфуллин,Жамбыл Жабаев, Қаныш Сәтбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк   Мәметова, Төлеген Тоқтаров).

  1. Поэмада қандай тарихи оқиғалар аталған?

(Ақтабан   шұбырынды, Патшалы Ресейдің қазақ даласын отарлау саясаты, Исатай мен   Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ   даласында өндіріс-кен орындарының ашылуы, Ұлы Отан соғысы, ғылым жетістіктері).

  1. Поэманы жазуға ақынға қандай жағдай түрткі болды?

Поэма — өткен ғасырдың 60-шы жылдары тың көтерілген   облыстардағы қазақша жер аттары орысшаға ауысып, 700-ден астам қазақ   мектептері жабылып, оңтүстіктегі екі аудан Өзбекстанға беріліп, Қазақстанның   біртұтастығы мен ана тіліне, яғни ұлт болашағына қауіп төнген кезде ұлттық   рухты көтеру мақсатында тоталитарлық жүйенің саясатына қарсы жазылған туынды.   Бұл поэманың атының өзінде осы ұлттың перзенті болғанына мақтаныш, ұлтына   деген шексіз сүйіспеншілік жатыр.

  1. Поэманың тақырыбы мен идеясы қандай?

Тақырыбы: ұлтқа сүйіспеншілік

Идеясы: халықтың өлмес тарихы , бастан кешкен   кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресін көрсету, өз ұлтын құрметтеу,   отаншылдық сезімді арттыру.

 

Видеокөрсетілім (Аққұштап Бақтыгерееваның пікірі)

 

Поэмадан   ұнаған үзіндіні мәнерлеп оқу (сергіту сәті)

Дескриптор.

- ұзіндінің мазмұнымен  танысады;

-үзіндіні кейіпкерлерін анықтайды;

-шығармадағы тарихи оқиғаларды атайды;

-поэманы жазуға түрткі болған жағдайды айтады;

- тақырыбын мен   идеясын  табады

Топты   бөлуге арналған қима қағаздар.

Сабақтың ортасы

2-тапсырма.

 

Екі жақты түсіндірме күнделігі

1-топ

ҮзіндіМенің ойымМен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде таныстым мұң тілімен,Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-топ

ҮзіндіМенің ойымО замандас, соларға бір қараңыз;Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,Өшкендерді табатын бір ғана біз.

3-топ

ҮзіндіМенің ойымЖылды айтпаймын қап түбін бос ақтарған,Шалбарымның белдігі босап қалған.Түнді айтамын бауырымнан Сәкенімді ап,«Жау» деген сөз жанына қосақталған.

4-топ

ҮзіндіМенің ойымҰлы аманат етейік еркіндікті,     Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.     Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең     «Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті...»

 

Дескриптор.

-Өз ойын жазады.

 

3-тапсырма.

«Сұрақ - жауап» әдісі

 

1.Поэманы   оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

2.Ақын   нені армандайды?

 3.Ол арманы орындалды ма?

 

4-тапсырма.

Ж.   Молдағалиевтың «Мен – қазақпын» поэмасы

1963-1964   жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп   ойлайсыз? (оқушылар өз ойларын дәптерге түсіреді). Эссе жазады7Топ   ішінде сәтті жазылған жұмысты таңдайды. 

Дескриптор.

-тақырыпты ашады;

-өз ойын толық жеткізеді;

-сауатты жазады.

 

Үздік   жұмыс иесі «Автор орындығында» отырып, эссені оқиды. Басқа топ оқушылары өз   пікірілерін білдіреді.


Сабақтың аяқталуы

(10 мин.)

Топтар   бір-бірінің сабақ барысындағы жұмыстарына қорытынды жасап, бағасын береді.

Үйге тапсырма. 

Жұбан   Молдағалиевтің «Мен- қазақпын» позмасындағы ақынның азаматтық тұлғасы. Кері   байланыс.

Кері байланыс

Сабақ барысында сізге не қызық болды?Сіз үшін не қиынға соқты?Қандай құнды дүние алдыңыз?

 

Бағалау

Оқушының аты-жөні№Іс- әрекетіБағасы1Өз тобыма берілген «Конверт-сұрақтың» жауабын таптым. Топ менің     пікіріме тоқталды.102Поэма шумағын талдағанда, пікір білдірдім, тобыма көмектестім.203Шығарманың тақырыбы мен идеясын таптым (қателестім/қателеспедім)204Берілген тақырып бойынша жазба жұмысын орындадым.205Менің жазған жұмысымды үздік деп таңдады. «Автор орындығында» оқыдым.30Барлығы

 

 

Шәкіл«5»10-8«4»7-6«3»5-4«2»3-0

Кері   байланыс парағы

Рефлексия

Қорытындылау

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.   Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды   бағалау

Ең   жақсы өткен екі нәрсе?

1)

2)

Қандай   екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1)

2)







 


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу