Аға туралы ұлағатты сөздер
Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
Әзілхан Нұршайықов
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат - құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?
Әйтеке би
Інінің реті – тас қару,
Ағаның реті – басқару.
Әйтеке би
Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.
Әйтеке би
Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа - қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.
Жиренше шешен
Талабы таудай болғанмен.
Ағаның сәні - інімен.
Бірлігі болсын туыстың,
Ұйыған майдай күбіден...
Жиренше шешен
Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң — жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.
Сырым Датұлы
Іні — ағаның тынысы.
Әйтеке би