Ұлы Отан соғысы туралы шығарма
Ұлы Отан соғысы сұрапыл жылдар. Бұл соғыс қаншама адамдардың өмірің қыршынынан қидырып, отбасынан, баланы әкеден, әйелді ерінен, ананы баласынан айырған сұрапыл жылдар. Бұл қайғылы уақыт 1941-1945 жылдар аралығында болып өтті. Дүниежүзілік соғыс әлем жұртының жадында мәңгі қалды.
Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін ұмытылмас қайғылы жылдар болып қала берді. Бұл соғыс қаншама жастардың жүрегіндегі туып-өскен Отанға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын көрсете білді. Осы соғыста біздің ата-бабаларымыз біз үшін жандарын қиып, біздің амандығымызды, еркіндігімізді ойлап соғысты.
Осы соғыста азаматтар жау тылында жаумен арпалысса, елдегі аналарымыз тылда жұмыс жасады. Егін егіп, ер азаматтар жасайтын жұмыстарды өздері жасап, соғыстағы азаматтардың азыұ-түлігі мен қару-жарағын дайындап, қолдау көрсетті. Ақын-жазушылар өздерінің жалынды өлеңдері арқылы оларға күш-қуат берді. Барша халық жұмыла жаудан қорғанып, соңында аңсаған Ұлы жеңіске қол жеткізді. Сол күн, 1945 жылы 9 мамыр, халық жадында мәңгі қалып, азаматтар Отанымен, ана баласымен, әйел күйеуімен табысып, әлем зеңбіректің гүрілдеген даусынан тынышталып, тыныштық заманның алғашқы күндері басталды.
Соғыс кезіндегі азаматтардың ерлігін халық ешқашан ұмытқан емес. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы, Мәншүк пен Әлия апамыздың, Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қоршқарбаев сынды батырларымыздың ерлігі тарихта алтын әріптермен жазылып, ұрпақтан-ұрпаққа өалып жатыр. Біз сол кісілердің ерен ерлігінің арқасында қазіргі уақытта бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Ендігі біздің басты парызымыз осы тыныштық пен бейбітшілік заманды бұзып алмау, ұзағынан ету.