Елбасы жайлы шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 839

Әлем картасында Қазақстан деген тәуелсіз дербез мемлекеттің пайда болуында елбасшыларының қосқан үлесі қашанда зор. Қазақстанның осындай әлемдік дәрежеде көркеюі елбасшыларының сарабдал саясатының арқасы. Сонау хандық кезеңде ел басқарған хандар мен КСРО кезеңінде елдің тәуелсіздігін алу мақсатында жұмыла әрекет жасаған барша ұлт қайраткерлерінің еңбектері қашанда халық жадында.

551px-_.jpg

Тәуелсіз мемлекеттің әргетасын қалаған, алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл тарихи тұлға. Әлемге Қазақстан мемлекетін танытқан, сардалада еліміздің жүрегі – Нұр-Сұлтанның іргетасын қалаған елбасшымыз. Қазақстан тарихында бұл кісінің есімі алтын әріптермен жазылған нар тұлғалы азамат. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан оқу-білімге құштар жан өскенде ұшқыш болуды армандайды.  Бала тәрбиесінде әжесінің орны маңызды екенін бұл кісінің әжесі және дәлелдеді. Әжесі кішкентайынан көп қазақ халқының жыр-дастандары мен әңгіме-қиссаларын айтып, баланың қалыптасуына зор ықпал жасады. Әке-шешесі осы өлкеде өмір сүрген ата-бабалары жайлы қисса-әңгімелер айтып, солар жайлы сыр шертіп, жеті атасы туралы айтып бойыңа қазақ деген ұғымды сіңіретін.

Еңбек жолын 1960 жылы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкері болып бастап әлем таритын дербез елдің басшысы дәржесіне дейін жете білді. Бұл елбасшының көрегенділігінің белгісі. Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарып, елдің мәдени және рухани дамуына өзінің зор үлесін қоса білді. Елбасы жастардың дамуына көп мүмкіндік жасады. Олардың тегін білім алуына, рухани дамуына, өзінің кіші кәсібін жасауына сынды көптеген жағдайларда жастарды қолдап, олардың өмірде жеке дара тұлға болап қалыптасуына жағдай жасады. Енді қазіргі уақытта ол елді Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Ал алғашқы президентіміз, Елбасы әркезде де біздің жүрегімізде. Біз ол кісіні әркез құрметтейміз.

Менің ана тілім. Шығарма
Ұлы Отан соғысы туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу