Үш бәйтерек. Шығарма
Қазақ халқының әдебиетінің өркендеуіне көптеген ақын-жазушылар өз үлестерін қосқан. Сонау бұрыннан келе жатқан жыр-дастандар мен қисса-әңгімелерді осы күнге дейін жеткізіп бізге жеткізген де әдебиет жанашырлары. Халық ұғымында «Үш бәтйтерек» деген ұғым бар. Олар Сәке Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіров. Бұл әдебиет жанашырларын өскелең ұрпағына өшпес мұра қалдыра білді.
Сәкен Сейфуллин – ақын, жазушы, драматург, әдбиет тарихын зеріттеуші ғалым. Ол 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Халық арасында жазушының «Сұлушаш», «Көкшетау», «Бақыт жолында», «Асау тұлпар», «Тар жол тайғақ кешу» сынды т.б. қаламынан туындаған шығармалары танымал.
Бейімбет Майлин – ақын, жазушы, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, драматург. Ол 1894 жылы қазіргі Қостанай обылы, Таранды ауданында дүниеге келген. Оның «Шұғаның белгісі», «Азамат Азаматич», «Қызыл жалау», «Мырқымбай» сынды және т.б. шығармалары осы күнге дейін өзінің қымбат бағасын жойған емес.
Халық арасында қазақ поэзиясының құлагері деп аталып кеткен Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол – ақын, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің жанашыры. «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды т.б. шығармалары халықтың жоғары бағасын алған. Әлі күнге дейін ұрпақтагн-ұрпаққа жетіп, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруда.
Қазақ әдебиетінің қалыптасуында «Үш бәйтеректің» алар орны қашанда маңызды. Халықты өздерінің даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, терең сюжетті шығармаларымен әдебиетке жаңа серпін әкеле білді. Біз қазір осы кісілердің шығармалар оқып жатырмыз.