Мұхтар Шаханов туралы шығарма
Мұхтар Шаханов – қазақ драматургі, ақыны. 1942 жылы Түркістан облысы, Қасқасу ауданында дүниеге келген.
Мұхтар Шахановтың шығармалары қашанда құнды. 1959 жылы өзінің «Сырдария» атты алғашқы өлеңімен қазақ әдебиетінің табалдырығын аттайды. Оның балладалары мен поэмалары әлемнің 20 тіліне аударылып, қазақ әдебиенің дамуына өз үлесін қосуда. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Рухты ақынның өлеңдері жас өскелең ұрпақтың жүрегіне Отанға, туып өскен жерге деген патриотық сезімдерді ұялатады. Сонымен қатар Мұхтар Шаханов халық арасында танымал бірнеше әндердің овторы. Мәтіні мен әуенің өзі жаған «Жұбайлар жыры», «Гүл дәурен», «Туған күн кешінде» сынды әндері халық арасында танымал.
Мен бұл ақынның «Ғашықтық ғаламаты» атты шығармасын оқып махаббат ұғымын өзінше түсінгендей болғанмын. Және де біздің мектепте жылда ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыстар өткізіліп тұрады. Рухты ақынның жалынды өлеңдерін жатқа оқып, жүрегімізде туған жерге деген патриоттық сезімімізді нығайтамыз.
Мұтар Шаханов – менің сүйікті ақыным. Оның шығармаларымен жақыннан танысқасын өмірде көріп, ақынның өзіне «Жігерлендіру» өлеңін оқып беру менің арманым.