Мұғалім туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1558

Адам өмірге келген кезде қоршаған ортаның сан қилы құбылыстарын үйрететіп, адам болып қалыптасуында өзіндік зор ықпалын тигізетін жан – мұғалім. Бала өмірінде мұғалімнің алар орны тым бөлек. Қолына қалам ұстатып, кітап оқытып, айналадағы  жанды-жансыз дүниелердің атауын үйрететін бірден бір тұлға. 

C9Xc9LxB5yo.jpg

Әрбір бала бір отбасының баға жетпес байлығы мен артынан қалатын өнегелі ұрпағы. Осы баланы әрбір ата-ана мұғалімге аманат етіп табыстайды. Йя, әрине, балаға ата-анасы тамақтануды, отырып-тұру мен үлкендермен амандасу секілді тәрбиелерді үйретеді. Ал мұғалім баланың өмірге деген көз қарасының қалыптасуына, ілім мен білімге араласуына, жаңа технологияларды үйренуге үгіттеп әрі үйретеді. Әрбір президенттен бастап қарапайым көлік жүргізушінің өзі де  мұғалімнің алдында отырып, сабақ айтқан. Мұғалім – екінші анамыз. Біздің әрбір жетістігімізге қуанып, марқайып қалады. Әркез бізді мақтап, кейінгі оқушыларына үлгі етіп айтып отырады. Мүғалім үшін оқуышысының жеткен жетістігі істеп жатқан ісінің нәтижесі. Өз балаларымен қоса өзгелердің балаларын оқытып, оларға тәрбие беріп, дұрыс жолды бағыттап, нұсқау мұғалімнің сүйікті жұмысы әрі жүрегіндегі шексіз мейірімі. Мұғалім – жүрегі мейірім мен сүйіспеншілікке толы қайталанбас тұлға.

Дерт туралы мақал-мәтелдер
Ем туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу