Келіннің ата-енемен бірге тұруы соншалықты қорқынышты емес

Oinet.kz 13-02-2024 3504

Шариғатта былай делінеді: «Шаттыққа толы, берекелі екі үй бар: қазыналы қарты бар үй және балалары бар үй». Әрине, екеуі де болса жақсы. Қазір небір зәулім үйлер бар. Ішінде қарты да, баласы да жоқ - жылу жоқ. Қазыналы қариясы бар үйден береке кетпейді. 

Screenshot_4.jpg

Келін соны түсінуге тиіс. Бір кісілік тамақ он кісіге жететіндей береке дариды. Қазақта ата-әже институты деген бар. Ондай институттың тағылымын түйiп өскен бала ертең-ақ ата-анасының атын аспандатып, ел дiң баласына айналатыны анық. Баланы үлде мен бүлдеге орап өсірсеңіз де бере алмайтын құндылықты өмір көрген ата әжесi ойнатып отырып-ақ сіңіреді. Мысалы, тамаққа бәрін салып, тұз салмасаңыз, дәмді шықпайды ғой. Сол сияқты, балаға керектің бәрін әпердiңiз делік. Бірақ балаға керегі ол емес. Ол да тұзы жоқ тамақ сияқты болып тұрады. Ең үлкен мейірім ата-әжеден келеді. Бала ата-әжесiн көрiп едi ғой: атасының қасында жүрген, әжесімен қонаққа барған. Ата-әжесіне ере жүріп-ақ ақыл-ойы дамып, дағды қалыптастыра береді.

Адамның жәннәтi оның - АНАСЫ. Ал әйелдің жәннәтi - КҮЙЕУІ.

Бірін-бірі жеген қазақ
Жұмбақ. Өркөкірек байды үйден үнсіз қуып шыққан келін..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу